Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақ өсекке жақын жүр

214

Қазақ даладан дана емес, бала іздеді.

Қазақ қазақты танудан қалып барады. Қазақ қазақты мойындаудан кетіп барады.

Қызық болды. Қызық емес-ау, шыжық болды. Университетке сабақ беруді ұсынған. Өзіміз көрген ұстаздарға ұқсауға тырысып, шама келгенше дайындалдық. Аудиторияға имене еніп, шәкірттерге білгенімізді айта бастадық. Үрпейісіп, қарайды. Арада байланыс жоқ. Сөзіміз далаға кеткен секілді. Сіңбейді. Сіңдіре алмаймыз. Біздің нашарлық. Бірақ олардың да қабылдау қасиеттері кеміген екен.

Шыжық мынау: Қазақ еліндегі он мықты журналисті атаңдар дедік. Кім жоқ дейсің. Артур Платонов, Айгүлдер жүр. Азамат Сұрыпбаевты да көрдік-ау деймін. Ойлаған едік, Шер-ағаң, Сейдаңдарға дейін түсер ма екен, жоқ бұрынғы буынды жағалаумен шектеле ме деп… Оймыздың ойраны шықты. Олардың «қаймағы» өзгелер екен. «Тым болмаса Қайнар Олжай мен Нұртөре Жүсіпті қосу керек еді-ау». «А, ағай әкеңіз жаза салайық». Тезекбаев еске түсті. Сабақ берген. Біртүрлі күлетін еді. Жауап онша шықпаған сәтте. Шымшып, күледі. Күлкімен шымшитын.

«Қазақ, рухани көсемің кім?», — деген сауал тастап едік…. Лайк саны алты, пікір екіге жетіпті… Рухани жаңғырған ел емес пе…

Аман Сейтқанов

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз