Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Риддер қаласының тұрғыны жасырын түрде енесінің атына несие алып отырған

Әйел біраз уақытқа дейін ай сайынғы төлемді уақытылы төлеп келген. Уақыт өте келе белшесінен қарызға батқан. Жалпсы сомасы 60 мың теңге болатын екі шағын несие бойынша шамамен 80 мың теңге қарызданған. Мұнан кейін несие берушілер енесіне хабарласып, қарызын қайтаруды талап еткен. Басы бәлеге қалған енесі болған іске келінінің қатысы бар екенінен сезіктенген.+

Енесі келінінің қарызын қайтарып, полицияға шағымданған. Алдау арқылы мүліктік шығын келтіру факті бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша, әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар материалдық залал келтіргені үшін,енесіне несиеге алған ақшаны толықтай қайтарып, моральдық залал ретінде 50 мың теңге төлеуі тиіс.

Сот процесі барысында енесінің атында тағы да екі несие бар екені анықталған. Олардың жалпы құны 130 мың теңгеден асады. Тағы бір сот процесі өтіп, әйелге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз