Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

ҚР сыртқы саудасындағы ТЖ нәтижелері

113

Егер мұнай бағасы қайтадан айтарлықтай төмендесе немесе ұзақ уақыт бойы қазіргі төмен деңгейінде қалатын болса,

Ұлттық Банк басшылығының мәлімдемесіне қарағанда, оларда да жақын арада ешқандай жақсы жаңалық бола қоймайды.

Төлем балансының ағымдағы есепшотының тапшылығы

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың болжамы бойынша өткен жылдың қорытындысына сүйенсек Қазақстаннан тауар экспорты 21,7%-ға $45,5 млрд-қа дейін төмендесе, ал импорт 15,5%-ға $33,8 млрд-қа дейін азаяды. Бұл ретте Ұлттық Банк экспорттың төмендеуін OPEC+ мәмілесінің шарттарын сақтау үшін мұнай өндіру көлемінің азайтылуымен, мұнай мен металлдар бағасының төмендеуімен түсіндірді. Тауарлар импортының азаюына халық пен бизнестің төлемге қабілетті сұранысының төмендеуі, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының жоспарлы баяулатылуы әсер етті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банкте төлем балансының ағымдағы есепшотының тапшылығы $4,2 млрд. немесе Қазақстан ЖІӨ-нен 2,5% мөлшерінде азаяды деп күтілді, бұл ретте іс жүзінде 9 айда осы көрсеткіштің мәні $3,8 млрд-қа азайды. Бірақ содан кейін

2020 жылға арналған болжамды бағалау 5,7 миллиард долларға дейін төмендеп, айтарлықтай нашарлады,

оны Ұлттық Банк “айтарлықтай ауқымды” тапшылық деп сипаттады. Болжамның нашарлауына 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы ұлттық экономиканың статистикалық мәліметтері, Еуропада жаңа карантиндік шаралар енгізген коронавирус пандемиясының екінші толқыны және әлемдік экономиканың қалпына келуіне байланысты белгісіздік ықпал етті. Жағдайды 2019 жылы төлем балансының ағымдағы есепшотының тапшылығы $5,5 млрд деңгейінде төмендегені қиындата түсті, ал биылғы жылы ол $ 6,5 млрд деңгейінде төмендейді деп болжануда. Сондықтан

Қазақстан экономикасы үшін мұндай “жұтаң” жылдардың болашағы көңіл көншіте қоймайды.

Апаттың ауқымы

Алайда, болуы мүмкін нақты апаттың ауқымы 2020 жылдың үшінші тоқсанында, тәуелсіз еліміздің тарихында екінші рет және 1995 жылдан бастап алғаш рет, ал Ұлттық банк қолданатын төлем балансының әдіснамасы бойынша, – 1999 жылдан бері алғаш рет Қазақстанда сауда балансының тапшылығы орын алған кезде пайда болды. Ресми статистика деректерінен көріп отырғанымыздай, шын мәнінде

мұндай қиын-қыстау жағдай үшінші тоқсанның басталуына бір ай қалғанда – маусым айында туындаған.

Бұл ретте мамыр айындағы статистика деректері өте оңтайлы болып көрінді, өйткені экспорт импорттан 1 млрд 82,4 млн.-ға артық болды. Алайда сыртқы сауданың оңтайлы сальдосының ең жоғары айлық мәніне, яғни профицитке, ақпан айында $2 млрд 572,8 млн.-ға жеткеннен кейін, жүйелі түрде жылдам төмендей бастады. Наурызда сальдо өткен айға қарағанда 8,2%-ға, сәуірде – 23,2%-ға, ал мамырда – тағы да 40,3%-ға қысқарды. Нәтижесінде мамыр айындағы сыртқы сауда сальдосы ақпандағыдан 2,4 есе аз болды, әйтсе де мұнайдың “Brent” сортының айлық орташа бағасы тек 24,3%-ға төмендеген болатын!

Маусым айында қазақстандық экспорттың көлемі мамырға қарағанда 20,8%-ға (оның төмендеуі сәуір айынан басталған) $3 млрд 160,8 млн-ға дейін азайды, бұл кезде наурыз айынан бастап өсуі байқалған импорт 23,7%-ға $3 млрд 600,4 млн-ға дейін артты, нәтижесінде сыртқы сауда сальдосы теріс мәнге ие болып, $439,6 млн-ға азайды. Бұл ретте

Қазақстан Үкіметі көктемде импорттың өсуіне шектеулер енгізе отырып, сыртқы саудадағы қолайсыздықтың өсуін дер кезінде қолға алуына болар алар еді.

Алайда, ешқандай әрекет жасалмады. Нәтижесінде шілде айында сауда балансының тапшылығы 1 млрд 82,8 млн долларға дейін төмендеді, бұл  жағдай экспорт көлемі тағы 19,4%-ға  $2 млрд 548,4 млн-ға дейін (2020 жылдың бір айлық минимумы) төмендегеннен және аздап импорт 0,9%-ға $3 млрд 631,2 млн-ға артқаннан кейін орын алды. Содан кейін экспорт ұлғайып, бұл сауда балансына оң әсер етті де, тапшылық азая бастады – тамызда $461,8 млн-ға дейін, ал қыркүйекте минус $144,8 млн-ға дейін төмендеді.

Жалпы статистика мәліметтеріне сәйкес,

маусым-қыркүйек айларында Қазақстанның сауда балансының тапшылығы $2 млрд 129 млн құрады,

оның ішінде үшінші тоқсанда — $1 млрд 689,4 млн. болды. Алайда Ұлттық Банкте үшінші тоқсандағы сыртқы сауда шығындарын 1 млрд. долларға ғана азайды деп бағалайды, ол туралы Досаев мәлімдеме жасаған.

Қазан айында Қазақстанның сыртқы сауда сальдосы тағы да жақсы көрсеткіш көрсетіп, 256,5 млн долларды құрады, дегенмен мұнай бағасы аса жоғары бола қоймады — күздің екінші айында орташа есеппен $37,46 болды. Өткен жылдың соңғы екі айындағы жағдай қалай өзгергені кейінірек белгілі болады, ал алдын ала жасалатын сыртқы сауда қорытындылары тек ақпан айында ғана шығарылады. Әзірге “Brent” маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы қараша айында 47,59 доллар, ал желтоқсанда 51,34 доллар деңгейінде қалыптасқаны белгілі.

Қазақстанның 2020 жылдың қаңтар – қазан айларындағы сыртқы саудасы

Дереккөзі: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз