25 қазан – ұлттық мереке Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Менің Қазақстаным» атты челлендж ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аясында 100 студент бір мезетте Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындап, ерекше музыкалық композиция ұсынды.
«Жүз домбыра – бір үн» атты бұл рухани-мәдени бастама білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, отансүйгіштік пен эстетикалық талғамын қалыптастыруды мақсат етті. Челлендждің басты ерекшелігі – орындаушылар қатарында өнер факультетінің студенттерімен қатар, физика мен информатика, спорт және филология, жаратылыстану мен тарих бағыттарында оқитын жастар да бар.
Іс-шара еліміздің мәдени мұрасын дәріптеп, тәуелсіздіктің рухын жастардың жүрегіне ұялатуға бағытталды.