Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ресейлік ФСБ мигранттарды “тыңшылыққа” тартып жатыр

Еңбек мигранттарының бірлестігі өкілдерінің сөздерінше, Ресейдің арнайы қызметі мигранттармен негізі жатақханаларда жұмыс істейді. Бірақ соңғы уақытта мигранттарды көшелерде ұстап, арнайы қызметке жұмыс істеуге үгіт жүргізе бастаған.

Мәселен Ширинджон Каландаровты метрода азаматтық киімдегі екі адам тоқтатқан. Өздерін ФСБ өкілдеріміз деп таныстырған олар “күдікті жерлестері” туралы ақпарат беріп отыруды сұраған. Ол үшін сыйақы аласың деген. “Мен олармен жұмыс істеуден бас тартқанымда, өміріме қауіп төнетінін айтып, ойлануға бір апта берді”, – дейді Ширинджон.

“Этмос” ұйымының жетекшісі Каримджон Ёров Мәскеуде ФСБ өкілдері мигранттарды елдеріне қайтарып жібереміз деп жиі қорқытатынын айтады. «Бір тәуліктің ішінде Тәжікстаннан келген 8 мигрант маған ФСБ өкілдерінің өздерін бопсалағанын айтты», – дейді Ёров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз