Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ресейлік “алаяқтық патшасының” Қазақстанда серіктестері болған

244
Фото: cnbc.com

Федералды прокуратураның мәліметінше, 41 жастағы Жуков алаяқтық бизнесті ұйымдастырушы болып табылады. 1 900 серверді қолдана отырып, ол БАҚ сайттары үшін, оның ішінде New York Times те бар, жалған веб-трафик жасаған. Нәтижесінде, ірі компаниялар осы сайттарға жарнама жасатқаны үшін көп ақша төлеген.

Бірақ Жуковтың өзі ешқашан ешкімді алдамағанын айтады. Ол сайттарға жарнама берушілердің қалаған нәрселерін жариялаған — жасанды түрде болса да, сайтқа кіру санын көбейтудің арзан тәсілі.

“Жасыратын ештеңесі жоқ, — деді Жуков. – Егер бізде бот-трафик бар болса, өтірік айтудың қажеті не? Неліктен ботты шынайы адам ретінде сатуға тырысудың керегі қанша, егер оның бот екені бәріне белгілі болса. Біз алаяқтықпен емес, бизнеспен айналыстық”.

2018 жылы Болгарияда тұтқындалып, 2020 жылы Нью-Йоркке экстрадицияланған Жуковқа қарсы іс жалған трафикке қатысты сотқа берілген алғашқы істердің бірі болып табылады. Бұл АҚШ-тың құқық қорғау органдарының болжамды киберқылмыскерлерге қарсы қызмет аясын кеңейтуінің бір мысалы бола алады.

Жалған трафигін құруға қатысты Жуков дау айтпады. Ол тек мұны алаяқтық деп атауға қарсы. Жуковтың ісі спуфинг (басқа адамдардың IP-адрестерін пайдалану) бойынша жетілдірілген науқандардың парақшалардың қаралымының жалған саны мен нақты пайдасын өалай жасайтынын көруге берілген сирек мүмкіндік, деп жазады Вloomberg.

Оффшорлық жеті миллион доллар

Прокуратураның пікірінше, Жуков пен оның Ресей мен Қазақстандағы сыбайластары онлайн-жарнаманың күрделі экожүйесін айтарлықтай бұзған. Олар Даллас пен Амстердамдағы жалға алынған серверлерді алаяқтықтан қорғауды айналып өту және онлайн-жарнамаларды қарайтын миллиондаған адамдардың онлайн-белсенділігін арттыру үшін пайдаланды. Содан кейін жарнама берушілерді жалған қаралымдар үшін ақы төлеуге мәжбүр етті.

Алаяқтық және ақшаны жылыстату бойынша айыпталған Жуков бір өзі 7 миллион доллардан астам ақша тапқан. Прокуратураның айтуынша, ол бұл қаражатты бүкіл әлемдегі оффшорлық банктердегі есепшоттарға жіберіп отырған. Бұл іс бойынша айыпталған тағы екі айыпталушы кінәларын мойындап, үкімдерін күтуде. Қалған бесеуі әлі бостандықта.

“Жуков басшымыз болатын. Ол өз бизнесінде не болып жатқанын білді және осы тәсілді барлық аспектілерде жоспарлауға және жүзеге асыруға тікелей қатысқан”, — деді АҚШ прокурорының көмекшісі Арти МакКоннелл өзінің соңғы дәлелдерінде.

“Оның чаттары оның әрекеттері адал емес екенін көрсетеді. Оның өзі алаяқтығын мойындайды”. (Серіктестерінің бірімен алмасқан хабарламасында  Жуков өзін “алаяқтықтың патшасымын” деп атаған).

Жуковтың өзі сотта сөйлеген сөзінде алқабилерге жарнамалық делдал ретінде әрекет ететін компанияларға қажетті және “арзан” қызмет ұсынғанын айтқан. Олар өздерінің парақшаларының қаралым санын арттыру және ғаламтордағы сайттарының рейтингін көтеру үшін Жуковтың қызметін сатып алған.

Заңды тәсіл ме?

2014 жылы үлкен ауқымдағы “адамдардың жасанды трафигін” құру үшін жабдықтар мен IP адрестер сатып алу арқылы өз бизнесін бастағанын айтқан Жуков киберқылмыскерлер компьютерлерге жаман ниетпен вирус жұқтыру үшін осыған ұқсас тәсілдерді жиі қолданғанын мойындады.

“Мен дәл солай, бірақ заңды түрде істей аламын деп ойладым”, — деді Жуков, “ол үшін маған компьютерлер сатып алу, өзімнің бағдарламалық жасақтамамды әзірлеу, IP адрестер сатып алу, оларды біріктіріп, дайын өнім ретінде сату керек болды”.

Ол веб-трафикті делдал клиенттер басқа жарнамалық желілерге сатады деп болжағанын, оны сатқан кезде қылмыстық ниеті болмағанын айтады. Ол ешқашан клиенттерін алдамағанын, парақшалардың қаралымын шынайы адамдарға сатқанын айтты.

Дүйсенбіде өзінің соңғы дәлелдерінде Жуковтың қорғаушысы Захари Маргулис-Охнума өз клиентін азық-түлік сатушысына су сататын кәсіпкерге теңестірді, ол оны сататын сүтін сұйылту үшін пайдаланады.

– Мұндай жағдайда сіз су сатушыны жазаламайсыз ғой, — деді Маргулис-Охнума.

Ол өзінің клиенті “алаяқтықтың патшасымын” деп әзілдеп айтқанын, дәл сол хабарламада Жуковтың өзінің қылмыс жасап жүрмегенін нақты түсіндіріп кеткенін атап өтті.

“Бізде сапасыз трафикпен жұмыс істейтін тамаша серверлік бот бар”, — деп жазды Жуков. “Жарнама берушілер мұны біледі. Ешқандай алдау, ешқандай алаяқтық жоқ”.

Сот Александр Жуковтың ісі бойынша әлі шешім шығарған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз