Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресейге жұмысқа кетіп, қайтыс болған маңғыстаулықтың ата-анасы өз ойын айтты (видео)

Алексейдің әкесі Руслан Баркаловтың сөзінше, Викторға көмекші қажет болып, ол Алексейді шақырған.

“Виктор жүк тасымалдайтын компанияда істеген. “Газельмен” бір жүкті, ұшақ қозғалтқышы-ау деймін, апарып тастауға серік керек болған. Ол Алексейге, менің ұлыма, экспедитор ретінде бірге баруды ұсынған. Екеуі Мәскеуге 17-ақпанда кеткен”, – дейді Руслан Баркалов.

Бұл сапарға Алексей 8-наурыз мерекесіне анасы мен қарындасына сыйлық алу үшін келіскен. Екеуі жүкті жеткізіп, кері қайтпақ болған екен.

“Олар Мәскеуге 21-ақпан түнде жетеді. Жүкті түсіріп, қайтар жолда Липецк облысындағы менің әкеме соғып кетпек болады. 22-ақпан таңертең Викторға жұмыс бойынша Ақтауға бір жүкті ала келуін сұрайды. Алексей келісім бергеніне өкініп қалған. Олар қатты шаршаған. Соңғы рет 22-ақпанда хабарластық”, – дейді Баркалов.

Ұлы мен досының өлі табылғанын Руслан Баркалов Роман атты танысынан естіген.

“Рома қоңырау шалды, Виктор мен Алексейдің өлі табылғанын айтты. 24-ақпанда бірден Мәскеуге ұшып кеттім. Елшілік пен сыртқы істер министрлігінен ешкім көмек берген жоқ. Түрлі құзырлы орындарға жүгіріп, ұлым туралы ақпарат іздедім. Оны ақыры мәйітханадан тапқан кезде бальзамдау мен табыт үшін 126 мың рубль төлеуіме тура келді. Алдын ала болжам бойынша, түтінге уланып көз жұмған. Қазір сот-медициналық сараптама жасалып жатыр, қорытындысы бір айдан кейін дайын болады. Мәйіттерді жеткізу де аз ақша емес. Роман мәйіттерді Ақтауға өз қалтасынан жеткізіп беріп, бізге көмек көрсетіп отыр”, – дейді Баркалов.

Ал марқұмның анасы екі достың адал жігіттер болғанын айтады.

“Бар болғаны 19 жаста болатын. Өмірі енді ғана басталды ғой, сүйіктісімен енді қосылған еді. Ал Виктор адал жігіт болды, еңбектеніп жүрді. Артында анасы жалғыз қалды. Викторды анасының берген рұқсат қағазымен алып келдік”, – дейді Алексей Баркаловтың анасы. Жігіттің ата-анасы мұны қастандық деп ойламайды. Руслан Баркалов “Газельдің” нашар күйде болғанын айтады. Сот-медециналық сараптама қорытындысы нақты себептерін анықтайды.

Алдында, Мәскеуде көлік ішінде екі қазақстандық азаматтың өлі табылғаны хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз