Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Ресейге қарсы жаңа санкциялар теңгеге қалай әсер етеді?

Ресей экономикасына соққылар Қазақстан экономикасына да әсер етіп жататыны рас. Ресей рублінің бағамы да теңгеге әсер етеді. Бұл жолы қалай болады,  сарапшылардан сұрап көрдік.

Байденнен қорқу керек пе?

Экономист және әлеуметтанушы Тимур Айсаутов Байденнің риторикасы “міндетті бағдарламаның бір элементі ғана” деп есептейді. Және бұрынғыдағыдай зор нәрсеге айналып кетуі екіталай дейді.

— Байден билікке келген соң өзінің ішкі және сыртқы саяси басымдықтарын айқындауы керек еді. Ол солай жасады да. Бұл қалыпты әрекет. Бірақ салдары қаншалықты ауыр болады, сұрақ осыда, – деді Айсаутов.

Сарапшының пікірінше, жүргізіліп жатқан санкциялар саясаты қазірдің өзінде сарқылып бітті және Ресейге айтарлықтай зиян тигізбейді. Жаңа деңгейге шығу мүмкін емес, өйткені бұл Ресей Федерациясына ғана емес, сонымен бірге жаһандық деңгейге де зиян тигізуі мүмкін. Тіпті бүткіл Еуразия құрлығын. Бұл ЕО-мен қарым-қатынасты және халықаралық-саяси жағдайды қиындатады.

— Бірақ саяси дивидендтер әлі де күшінде. Сондықтан санкциялар енгізілуі мүмкін, бірақ бәрі бірдей тиімсіз. Былайша айтқанда, символикалық түрде. Мысалы, тағы 15-20 саясаткер, екі-үш кәсіпорынды тауып алып, соларға қарсы енгізеді. Оларға үнемі кімнің кім екенін көрсетіп отыру маңызды”, — дейді Айсаутов.

Тиісінше, жаңа санкциялар пакеті бізге ешқалай әсер етпейді.

— Алайда Ресейдің ішкі шешімдері бізге әсер етуі мүмкін. Біздің экономикаларымыз өте тығыз байланысты, біз бәріміз біртұтас экономикалық аймақта тұрмыз, — деп түйіндеді сарапшы.

Теңгенің құбылмалылығы артуы мүмкін

Wall Street Invest Partners талдаушысы Данияр Жумекенов Навальныйдың Ресейге оралуынан және оны қамауға алғаннан кейін Ресей нарығындағы белгілі бір наразылық көңіл-күй пайда болғанына назар аударды. Бірақ ол ұзаққа созылмады: қазірдің өзінде елдің мемлекеттік қарызы және компаниялардың акциялары белсенді түрде өсуде.

— Себебі

инвесторлар, соның ішінде шетелдік инвесторлар АҚШ пен Еуропадан санкциялар риторикасына үйреніп қалған,

нәтижесінде қандай да бір шамадан тыс эмоционалды реакцияны күтпеуге болады.

Нарық қатысушылары шетелдік қорлардың Қаржы министрлігінің федералдық қарыз облигациялары аукциондарына қатысуына тыйым салуы және елді SWIFT-тен ажыратуына алаңдаулы. Қазіргі уақытта инвесторлар шенеуніктерге немесе кәсіпкерлерге жекелей шектеу қою дұрыс деп ойлайды, әрі жалпылай экономикалық санкциялар қабылданатынына сенбейді”, — деді Жумекенов.

Сонымен қатар, сарапшы Ресей мен Қазақстанның сауда қатынастарына долларсыздандыру әсер еткенін атап өтті. Бұл өз кезегінде геосаяси тәуекелдерге ықпал етті.

— Қазіргі уақытта ЕАЭО ішіндегі барлық есептеулердің шамамен 74%-ы ұлттық валюталарда жүзеге асырылады.

ЕАЭО мен Қытай арасындағы есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізуді біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр,

ал АҚШ-пен Қытай арасы жақсы емес екені анық”, – деді ол.

Бұл ретте Ресейге қарсы санкциялар негізінен теңге бағамына әсер етеді. Егер Ұлттық экономика министрлігінде немесе Ұлттық Банкте санкциялардың теріс салдарын азайту бойынша қандай да бір іс-қимыл туралы айтатын болса, сөз теңге бағамының құбылмалылығының өсуі туралы болып отыр.

Біз импортқа тым тәуелдіміз

Сондай-ақ, Жумекенов бірнеше жанама тәуекелдерді атап өтті. Санкциялар Ресей экономикасының баяулауына және соның салдарынан қазақстандық экспорт өніміне сұраныстың төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ал біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 18 млрд доллардан асты. Сонымен қатар, санкциялар Ресейден капиталдың кетуіне, рубль құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін

оның ішінде импорттық ресейлік тауарлар есебінен Қазақстанда да инфляциялық процестерді жеделдетуі мүмкін

— Импортқа (оның шамамен 40%-ы Ресейге тиесілі) және сауда қатынастарына аз тәуелді болу үшін экономиканы әртараптандыру арқылы салдарды азайтуға болады. Қазір Қытаймен, Италиямен, Кореямен және басқа да серіктестермен тауар айналымы негізінен шикізат сату мен түрлі тауарлар импортының өсуі есебінен өсуде:

қазақстандық нарықтағы өнімнің басым бөлігі шетелдік өнімдерден тұрады

Импортқа тәуелділік сақталып, ал өзіндік өндіріс табиғи ресурстармен шектелгенге дейін теңге бағамының құбылмалылығы сақталатын болады, — деп түйіндеді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз