Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ресейге футбол көруге бара жатқан қазақстандық блогер жолда қаза тапты

Бастапқы мәліметке сүйенсек, блогер отырған көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соғылған. Қатты соққыдан көлік жана бастапты.

Өртке оранған көліктен қаза тапқан үш адамның денесі табылды. Басылымның жазуынша, жігіт туыстарымен әлем чемпионатына бара жатқан.

“Бұл қайғылы жайтқа сену қиын. Әлбетте, бәріміз Сұңқарды ақ жарқын, ақ көңіл адам ретінде білеміз, үнемі күлімсіреп, жадырап жүретін. Бойында қуаты тасып, рахаттанып өмір сүргісі келетін, ешқашан қол қусырып отырмайтын. Алайда 06.07.18 түнде болған қайғылы оқиғадан кейін оның биік мақсаттары енді орындалмайды.

Сұңқар, әкесі және немере інісі мінген көлік белгісіз жағдайда жантүршігерлік жол апатына ұшырап, үш жолаушының да опат болды”, — деп жазды қолданушылар “ВКонтакте” желісінде Сұңқарды еске алуға арналған топта.

9 шілде күні Петропавлда жігітті соңғы сапарға шығарып салды.

Сұңқардың YouTube желісінде Stence Show атты арнасы бар еді, ол компьютер ойындарының видео талдауын жариялап отыратын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз