Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалықтардың Мәскеуді тәліптерге қару берді деп айыптауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Ауғанстандағы америкалық әскер қолбасшысының сөздеріне ешқандай дәлел жоқ.
Бұған дейін Кабулдегі баспасөз мәслихатында америкалық генерал Джон Николсон Ресейді тәліптерге қару беріп отыр деп айыптаған еді.