Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ресейдің пайдасына тыңшылық жасаған өзбектің әскери қызметкерлері сотталды

284
Сурет: «ИноСМИ»

Ташкентте мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен қорғаныс министрлігінің қызметкерлерінің жабық соты басталды, — деп хабарлайды Озодлик радиосы.

Сотталғандардың бірі — Өзбекстан президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының экс-директоры Рафик Сайфулин. Ол 61 жаста.

Дереккөздерге сүйенсек бұл оның екінші сот отырысы. Алғашқысы ақпан айының басында Өзбекстанның әскери сотының ғимаратында болған. Екіншісі Ташкенттегі қылмыстық істер бойынша Юнусабад аудандық сотында өтіп жатыр. Себебі Әсери сот ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ іс Әскери соттың қарауында.

Сайфулин Өзбектсан Қылмыстық Кодексінің 157 бабы («Мемлекетке сатқындақ жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.

Онымен бірге онға жуық өзбек әскерилері де сотталды. Олар Ресейдің пайдасына тыңшылық жасап, мемлекеттік құпияны жариялап, басқа да қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.

Сотталғандардың арасында

Өзбекстан Қарулы күштерінің Біріккен штабы басқармасының бастығы Акбар Ярбабаев та бар

Оған да 157 бап бойынша айып тағылған.

Акбар Ярбабаев мен оның әйелі Елена 2019 жылдың 15 шілдесінде қамалды. Ярбабаевтың Санкт-Петербургте тұрып жатқан үлкен ағасы Алексей тергеу ісі 1 ақпанда аяқталғанын мәлімдеді. Іс сотқа жіберілді.

Үлкен тазалау жұмыстары енді басталды ма?

2019 жылы Ташкентте Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің «Ватанпарвар» («Патриот»)  газетінің тілшісі, отставкадағы подполковник Владимира Калошинді де тұтқындаған болатын. Оны Өзбекстанның ҚК 162 бабы («Мемлекеттік құпияны жариялау») бойынша айыптауда.

— Калошин, Сайфулин және Ярбабаев «Ресейдің пайдасына тыңшылық жасағаны» және «мемлекеттік құпияны жариялағаны» үшін айыпталуда», — деп хабарлады есімін жарияламауды сұраған Қарулы күштің  ірі шенеуніктерінің бірі.

Іс бойынша онға жуық полковник пен генерал тергеліп жатыр деп қосты. Олардың кім екені әлі де белгісіз, тек барлығы Ресейдің пайдасына мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін айыпталып жатқаны белгілі.

— Айыпталғандар

құпия ақпарат мен құжаттарды емес, аналитикалық қорытындыларды бөлісумен айналысқан,

— деп портал өзінің дереккөздеріне сүйене отырып нақтылайды.

Тұтқындалған әскерилердің қорғаушылары сот жабық режімде өтіп жатыр дегенді тілге тиек етіп қандай да бір пікір беруден бас тартты.

Дереккөздерге сүйенсек Рафик Сайфулин Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Рустам Иноятовқа жақын адамдардың бірі болған.  Бұған дейін де

Сайфулин Өзбекстан Батыс пен АҚШ-тан алыстап, Ресейге жақындауы керек деп жазған болатын

2006 жылы тамызда Акбар Ярбабаев Ислам Каримовтың қолынан «Шон-Шараф» орденін алған болатын. Сол жылдары шенеунік Өзбекстанның Әскери күшінің Біріккен штабы басқармасының бастығы болып жұмыс атқарған.

Әскерилерге 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Келесі отырыс қашан болатыны, қаулы қашан шығарылатыны да  белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз