Астраханда белгісіз қылмыскерлер көлік салонынан Росгвардия сарбаздарын атып кетті.
Шабуыл жасағандардың бірі қаза тапты, ал үш сарбаз жарақат алды.
“6-сәуірде жедел-іздестіру шарасы барысында Астрахан қаласында екі полицейдің өлтіргендерді ұстау үшін бөгеуші бекеттер орнатылған, Ленин ауданында сондай бір посттардың бірінде Росгвардияның үш сарбазы жарақат алды”, – деп хабарлайды РИА Новости өңірлік АІІМ-не сілтеме жасап. Кейінірек Росгвардия сарбаздарына шабуыл жасағандардың 4-сәуірде екі полицейді өлтіргендер екені анықталды.
“Атыс барысында шабуылдағандардың біразы қашып үлгерген, олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаруларын иеленген. Қаза тапқан қылмыскер бұрын іздеуде жүрген адам екені анықталды”, – деді ол.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге қарағанда, Ресей гвардиясына шабуыл жасап,
мерт болған қылмыскер осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғаны және осыдан бірнеше күн бұрын өлтірілген полицейлердің өліміне қатысы бар Нұрбол Саспанов екені хабарланды.
Еске салайық, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан “Магистраль” дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Тергеушілер бұл шабуылға қатысы бар сегіз адамның тұлғасын анықтаған. Олардың екеуі Қазақстан тумалары екені хабарланған болатын.