Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ресейде пойызбен соқтығысып қаза тапқан жүргізуші Даниярдың өлімін отбасы жаңалықтардан естіген

Данияр Шілдебаев – тәжірибелі жүргізуші. Туыстарының сөзінше 20 жылдан бері көлік тізгіндеп келе жатыр екен. Бұрын алыс қашықтықтарға Камаз айдаған ол, үш ай бұрын ғана автобусқа ауысыпты.

Әлеуметтік жағдайлары жетпеген отбасы өз қаржыларымен Даниярдың денесін алдыра алмай отыр. Өз баспаналары да болмағандықтан, үй жалдауға тура келмек

“Басында дүйсенбі мәйітті жібереміз деп айтты. Барлық құжаттары дайын. Енді сәрсенбіге дейін күтіңдер деп отыр. Сосын мәйітті тануға туыстары келмеді деп айтты. Олар өздері үйде күтіңдер деп, бізді шақырмады да”, – дейді қызы Ақниет Беспаева.

Еске салсақ, 5-інен 6-қазанға қараған түні Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус пойызбен соқтығысып апатқа ұшыраған болатын. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, автобустың ішінде 55 жолаушы болған. Барлығы өзбекстан жұмысшылары және екі Шымкент тұрғыны болған. Олар автобус жүргізушілері.

40 жастағы Нұрғали Сарманов пен 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Соңғысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, тірі қалған екінші жүргізуші Сармановты Ресейдің  полицейлері қазір тергеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз