Мұнай бағасының тұрақтауы теңге бағамына оң әсер етті. 26 мамырда ресми доллар бағамы 414,13 теңге болды. Алайда біздің валютамыздың тағдырын тек мұнай факторы ғана анықтамайды, дейді экономист Әсет Наурызбаев.
— Бізде Ресеймен тауар айналымы тым үлкен және тым ашық шекара бар.
Дауыс бергеннен кейін рублді еркіне жібереді, ал теңге рублдің соңынан «құлдырайтыны анық. Рубль біз үшін басты зәкір,
және нақты арақатынас шамамен 1:6 тең болуы керек. Бірақ біз біртіндеп Ресейден ұтылып келеміз, өйткені біздің экономикамыз әлсіз. Алайда, мұнайға деген сұранысқа да көп нәрсе тәуелді.
Әсет Наурызбаев, сурет: caravan.kz
Егер әлемдік экономика тезірек қалпына келсе, мұнайға деген сұраныс та, оның бағасы да артады. Бұл жағдайда теңге бір долларына 380 болатын деңгейге жетуі мүмкін, — дейді Әсет Наурызбаев.
Сонымен қатар, экономистің айтуынша, елде карантиннен кейін барлық айырбастау пунктілері ашылса, долларға сұраныс өседі және бұл теңгенің бағамын сәл төмендетуі мүмкін.
— Менің ойымша, қатты соққы болмайды. Шетелге саяхатқа баратындар негізгі ақшасын долларға айырбастайды
— деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, қаржы аналитигі Андрей Чеботарев теңгенің айырбастау орындары ашылғаннан кейін әлсіреуіне еш себеп жоқ дейді.
— Жағдайға тура көзбен қарайықшы, айырбастау орындары қазірдің өзінде ашық тұр. Банктен тыс орындар ашылады, ал банктің ішіндегі айырбастау пунктілері ТЖ режимі кезінде де жұмыс істеді, бастапқыда қысқа жұмыс уақытымен, сәуір айының соңынан-мамыр айының басында толық жұмыс істейді. Ақшаларын айырбастағысы келгендер, бастапқыда-ақ ойға алғанын жүзеге асырды. Тіпті банктер жұмыс істемегенде де, айырбастау онлайн-қосымшаларда қол жетімді болды. Сондықтан адамдар жаппай доллар сатып алады деуге еш себеп жоқ.
— Бүгінде доллар сатып алатындай адамдардың ақшасы жоқ. Біздің еңбекке жарамды халықтың жартысынан астамы 42 500 теңге алды, — дейді Чеботарев.
Сондай-ақ, оның ойынша, рублдің бағасы да теңгеге айтарлықтай әсер етеді. Тіпті мұнайға қарағанда да көбірек ықпалы бар.
Андрей Чеботарев
— Мұнай бағасы өсіп, ал теңге бұрынғы деңгейде қалған сәттер болды. Бұл Ұлттық банк валюта нарығындағы ең үлкен қатысушысы екенін білдіреді. Әрі
реттеуші наурыз айында теңгені қолдау мақсатында жасағандай «интервенциямен де шыға алады», сондай-ақ «шаңсорғышты да қоса алады»
Бұл жағдайда ол өзі қойған долларларды кері сатып алып, теңге бағамының өсуіне кедергі келтіреді. Наурыз айында жарияланған интервенциялардан кейін Ұлттық банк саудаға іс жүзінде қатықан жоқ.
Мұнай қозғалысы мен рублдің әсерінен теңге бағамы нығайды. Соңғы уақытта Ұлттық банк теңгені еркіндікке жіберуді таңдағанын байқауға болады. Ол теңге бағамын қалыптастыруға қатыспайды. Қалай дегенмен де, оны ашық түрде жүргізбейді, — деп атап өтті Чеботарев.
Қазақстанның экономикасы әртараптандырылмаған және импортқа тәуелді экономика екенін президент әкімшілігінің атынан пікір білдірген Тимур Сүлейменов те мұны растап отыр. Осындай кемшіліктеріміз теңгені макроэкономикалық әлсіз валюта етіп отыр.
— Сыртқы фаторлар әсер етпес үшін, дамыған елдердің отыздығына кіріп, экономканы әртараптандыру керек. Әрине, айтуға оңай, бұған қол жеткізу қиын.
Біз әлемнің ең дамыған мемлекетінде өмір сүрмейміз, біздің экономикамызды әлі де дамыту керек. Бірақ посткеңестік кеңістікте оның жағдайы басқаларға қарағанда жақсырақ
Атқарар жұмыс көп, мұнай бағасынын құлдырауынан болған дағдарыс экономикаға жақсы өзгерістер әкеледі деп сенгіміз келеді, — деп қорытындылады аналитик.