Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресейде Қазақстаннан гастербайтерлер көбейіп жатыр

338
РИА Новости / Александр Уткин

Көші-қон рейтингі

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек етуге аттану бойынша көшбасшы — өзбектер болды. ФҚҚ Шекара қызметінің статистикасына сәйкес, сапар мақсатын жұмыс істеу деп белгілеген Өзбекстан азаматтарының саны 918 мыңды құрады. Екінші орын Тәжікстанға бұйырды – ол өңірден 524 мың мигрант келді. Қырғызстаннан табыс табуға 265 мың адам келген. Украина төртінші орында – 165 мың азамат.

Қазақстаннан көрші елден табыс табуға 105 мың отандасымыз аттанды

Мамандар бұл сандарды нақты емес дейді, себебі барлық “қонақ” елге келудегі мақсат жұмысқа тұру деп көрсетпейді. Мәселен, Ресейге Өзбекстаннан 2019 жылдың 1 маусымына дейін 2,1 млн адам келген.

Айтпақшы, РФ-да көші-қон өсімі байқалуда. Шетелдік жұмыс күшінің саны он жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Санның күрт өсуі 2018 жылы келгендердің есебін дұрыс жүргізбеу салдарынан болуы мүмкін.

Викингтер еліне

Айта кетейік, қазақстандық азаматтар Ресейге ғана емес, Еуропаға да жиі аттанады.

Айтпақшы, ҚР СІМ-де жағдайдың бақылаудан шыққанын мойындады. Ведомствода еңбек мигранттарының Қазақстаннан Норвегияға шығуына түсініктеме берді.

Қазақстандықтар көбінесе фьорд еліне заңсыз аттанады

“Норвегиялық билік осындай фактілердің тіркелгенін мәлім етті. Бұл адамдардың интернеттегі жарнамаларға сенуі салдарынан болып отыр.

Шетелде жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсететін көптеген компаниялар пайда болды. Алайда олар, азаматтарымызға ешқандай кепілдік бермейтін көрінеді”, – деді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Шенеуніктің айтуынша, Норвегияда маусымдық жұмысқа рұқсат алу ережелері өте қатаң. Жұмыс істегісі келетіндерге ЕО-ның басқа елдерінің елшіліктері арқылы алған Шенген визамен келуге рұқсат жоқ. 2016 жылы норвегиялық билік Қазақстандағы өкілдікті жапқан. Жақын консулдық Литвада.

Смадияровтың айтуынша, біздің азаматтарымыз Чехия, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның еңбек нарықтарын белсенді игеруде

Шетелде заңсыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың санын СІМ-де айтудан бас тартты, айтуларынша бұл олардың ісі емес.

Ақша аударымдары

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Кореяның өзінде жеті мыңнан он мыңға дейін отандасымыз болуы мүмкін. Мысалы, биыл Корей түбегінен ақша аударымдарының күрт өсуі тіркелді.

Қазақстанға ақша аударатын елдер арасында Ресей көш бастап тұр: 61,9 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артық

Екінші орын Оңтүстік Кореяда, ол жақтан былтырғымен салыстырғанда бір жарым есе артық алынды — 26,2 млрд теңге, үлес 15,7%-дан 18%-ға дейін өсті. Өзбекстаннан 12,8 млрд теңге түскен, бір жыл ішінде өсім — 69,2%, елдің үлесі 6,8%-дан 8,7%-ға дейін өсті.

Мамандардың айтуынша, мұндай ақпарат Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауын жанама түрде дәлелдейді. Халықтың бір бөлігі өз Отанында емес, шетелде жұмыс істеуді қалайды.

Барған және бара бермек

Саясаттанушы Рустам Бурнашев қазақстандық еңбек мигранттары жоқ деген сенім миф деп есептейді. Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Ресейде бұрыннан жұмыс істейді.

“Қазақстандықтар басқа мемлекеттерде бұрыннан жұмыс істейді. Бірақ бұрын мұндай деректер айтылмайтын,

себебі еңбек көші-қоны теріс бағаланатын. Тіпті мигранттарға қатысты арнайы фобиялар қалыптасты, сондықтан миф белсенді түрде қолдау тапты”, — дейді Бурнашев.

Бүгін, сарапшының пікірінше, кетушілер саны артып келеді. Бұл еңбек көші-қоны туралы шешімге әсер ететін бірнеше жағдайға байланысты.

“Бірінші мәселе — таңдау еркіндігі бар ортақ постлибералды жағдай. Бұл Қазақстан үшін артықшылық. Азамат тек берілген аумақтық алаңда ғана емес, одан тыс жерлерге бара алады.

Әрине, еңбек көші-қонының теріс жағдайлары да бар.

Қазақстанның экономикалық даму динамикасы айтарлықтай оң емес. Жағдайды 2000 жылдармен салыстыруға болмайды

Іс жүзінде 2008 жылдан бастап ел экономикасында теріс тренд байқалды. Бұл адамдардың көші-қон әлеуетіне әсер етеді. Негізінде, кез-келген адам жақсы табыс тауып, жақсы өмір сүруге тырысады. Егер мүмкіндік болса, ол мұны жасайды”, – дейді Рустам Бурнашев.

Басқа да өзгешеліктер

Ішкі еңбек нарығының өзгешеліктері бар. Мысалы, Өзбекстанда экономикалық жағдай қандай болмасын, көші-қон бәрібір болады. Ол жақта жұмыс күші шамадан тыс көп, деп жалғастырады сарапшы.

“Қазақстандағы еңбек көші-қонының тереңдігі экономикалық секторлардың өзгеруін ескере отырып есептелуі тиіс. Өндіруші өнеркәсіп отандық экономиканың локомотиві болып қалады. Мұнда қажетті еңбек ресурстарының көлемі шектеулі.

Мен экономикалық жағдайға желілі тәуелділік бар деп айта алмаймын. Әрине, бұл көші-қонға әсер ететін фактор, бірақ жиынтықта қарау керек”, – дейді саясаттанушы.

Бір қызығы, Қазақстан билігі кадр тапшылығы туралы бірнеше рет мәлімдеген. Алайда адамдар өз мүмкіндіктерін сыртта іске асыруды жалғастыруды құп көреді.

“Бұл кадрларды дайындауды жоспарлау мәселесі.

Жұмыс орындары көп болса да, еңбек резервтерінің жетіспеушілігін сезіне аламыз

Себебі кадрлар жалдау критерийлеріне сәйкес келмейді. Бұл өте маңызды мәселе”, — деді Рустам Бурнашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз