Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресей бензинін шектеу бағаға әсер етпейді – министр

Министрдің айтуына қарағанда, уақытша шектеуді енгізу нарықтағы бәсекелестікті шектеп жатыр дегенді білдірмейді.

«Шектеу бірнеше айдан кейін алынып тасталады. Осы уақыттың ішінде біз Орталық Азия елдері мен Ресейдегі әріптестерімізбен жұмыс істеп, экспортқа мүмкіндіктер ашуымыз керек. Үкіметаралық келісім бірнеше айдың ішінде жасалады, осыдан кейін бұл мәселе өздігімен шешімін табады. Бұл бағаға менің ойымша, ешқандай әсер етпейді. Себебі, толайым сауда бар. Қазақстанға Ресейден енетіні (бензин – авт.) ішкі нарықтағы бағадан гөрі жоғары екенін айта кету керек», – дейді Бозымбаев.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан отандық жанар-жағармай нарығын қорғау шараларын іске асыратынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, АИ-92 маркалы бензиннің импортына үш айға шектеу енгізілмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз