Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресей АҚШ-ты Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимылдар жасамауға шақырды

Лавров Тиллерсонға Құрама Штаттардың Солтүстік Кореяға қарсы кез келген әскери әрекетінің “салдарын болжау қиынға түсетінін” айтты, делінген Ресейдің СІМ мәлімдемесінде. Сонымен бірге Лавров Солтүстік Кореяға қарсы салынатын санкциялардан нәтиже шығуы мүмкін екендігін ескерткен.

Жапония әлемдік қауымдастықты Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақырып отыр. Солтүстік Кореяның осы аптада ұшырған зымыраны жапондық Хоккайдо аралының үстінен өтіп, Тынық мұхитына құлаған.

Биыл жазда Пхеньян баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізген соң, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа экономикалық санкциялар салуды қолдады. Сейсенбі күні, 29 тамызда Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның жаңа баллистикалық зымыран ұшырғанын қатаң сынағанымен, оған қарсы ешқандай әрекет жасаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз