Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ренат Гайсин мойындайтын әртістер, әндерінің бағасы және 2018 жылға уәдесі жайлы.

123

Сондай-ақ, ол “Жаужүрек мың бала”, “Ағайынды”, “Заблудившийся” фильмдеріндегі музыка авторы. Композитор Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өзі мойындайтын әншілерді атап, жазған еңбектері қанша тұратынын айтып берді. Сондай-ақ, композитор 2018 жылға уәде берді.

“(…) Мен өзімді композитор деп санамаймын. Себебі мен әлі үлкен мектепте жүрмін, әлі де жұмыс жасау керек. Бірақ бірде Қадыр атамыздың бір кітабын аштым да, “неліктен мен оның сөзіне ән жазбаймын” деген ой келді. Қаншама кетіп қалған тұлғалар бар, ақындар бар. “Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Фариза Оңғарсынованікі”, “Әні Ренат Гайсиндікі, сөзі Қадыр Мырзалиевтікі” десе мен үшін үлкен бақыт емес пе? Келесі жылы мен осы ұлы ақындардың, ағаларымыздың сөздеріне арнайы ән жазамын деп уәде беремін. Осы кішкентай өзгерісім болсын. 2018 жыл осымен есте қалсын. Бұл адамдардың сөзіне ән жазу мен үшін үлкен арман”, – дейді Ренат Гайсин.

 

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен “The Эфир” жобасына әнші, “МузАРТ” тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, “КешYou” экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз