Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Рас боп шықты”. Мәдениет сарайының өкілі Төреғалидың қарияға неге кейігенін түсіндірді

243

Бұған дейін ол Батыс Қазақстан өңірінде өнер көрсетіп келген және сырқаттанып тұрғаны туралы айтқан. Тіпті, дәріханаға дәріге жібергенін көріп те қалдық. Денсаулығының сондай жағдайына қарамастан, халықтың өзі үшін келгенін айтып, ән салудан бас тартқан жоқ.

Концерт кезінде жұртшылықтың сұрауымен төмен қарай түсіп, суретке түскен болатын. Сол сәтте көрермендердің бірі «Біз сенің әніңді тыңдауға келдік. Несіне суретке түсе бересің? Сен мені ұятқа қалдырдың» деп айтқан. Шамасы осы сөздер әншінің намысына тиіп кеткен болу керек», – дейді Замира Солтан.

https://kaz.365info.kz/kokip-tyr-toregali-ozinin-maskharasyn-shygargan-videoga-khatysty-zhauap-khatty-video-295044

Замира Солтанның айтуынша, бұл жағдай кештің екінші бөлімінде орын алған және бұдан кейін өнер иесі концертін әрі қарай жалғастырған.

Осымен еліміздің эстрада жұлдызы биылғы жылы Ертіс өңіріне екінші рет гастрольдік сапармен келген.

«Біздің басты міндетіміз – әншінің өнер көрсетуі үшін техникалық жағын қамтамасыз ету және залды жалға ұсыну. Сол жерде күзет қызметі болады. Дегенмен олар әрбір көрерменді бақылай алмайды. «Дайындық бөлмесінде спирттік ішімдіктер болды ма?» деген сұрақтар қойып жатыр. Дегенмен ол жерде тек қана шай мен табиғи шырындар болады. Себебі, онда лауазымды тұлғалар кіріп шығады. Алкоголь кіргізуге қатаң тыйым салынады. Сол күні 850 орынға арналған көрермен залына 600-ден астам адам жиналды», – дейді мәдениет саласының қызметкері. Ақбота Сейсенбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз