Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Құран ұстаймын!”. Өзбекстанның жаңа президенті ант берді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлықбек Әбдәсәлімовтың хабарлауынша, 4 желтоқсанда өткен сайлауда Шавкат Мирзиёев ел президенті болып сайланды. ОСК төрағасы осы жеңісімен Мирзиёевті құттықтаған соң, оған Өзбекстан Республикасы Президенті куәлігін табыс етті.

Одан соң мемлекет басшысы Конституция мен Құранға қолын қойып, ант қабылдады: “Өзбекстан халқына қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін”.

Ант қабылдаған соң Мирзиёев баяндама жасады.

4 желтоқсандағы президенттік сайлауға Мирзиёев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан қатысып, 88,61 пайыз дауыс жинады. Өзбекстанда кезектен тыс сайлау республиканың тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің 2 қыркүйекте инсульттан соң 79 жасында қайтыс болуынан соң ұйымдастырылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз