Кеген – Сарыжаз – Нарынқол тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тауып, жеті адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Жол апаты туралы хабарлама әлеуметтік желілерде жарияланған. Апат Райымбек ауданы Кеген ауылына жақын жерде болыпты.
Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.