Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Рахман Омар бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіден 100 миллион өтемақы талап етті

501

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Сүлейменова телеарналарға өзін түсіруге тыйым салған. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталғанына қарамастан, судья оның азаматтық құқығынан аттап өте алмады. Сүлейменова тұрмақ, оның адвокатының да түрін көрсетуге рұқсат жоқ. Басқалардан бет-жүзін жасырған әйел бүгін, тіпті, судьяның өзіне жауап бермеді. Бірақ та, күдікті қанша жерден қылық танытса да, іс тоқтаған жоқ. Керісінше, прокурор бұған дейін айтылмаған деректерді жариялады.

“Күдікті Гүлдерайым Омароваға терең пышақ іздерін салған. Бірнеше қайтара жасалған соққыдан Омарова бірден көз жұмған. Жарақаттарды ескере келе, марқұмның денсаулығына аса ауыр зиын келтірген деген қорытынды жасалды”, деді мемлекеттік айыптаушы.

 Бұған дейін тек тергеушіге ғана мәлім болған жайттардан жан түршігеді. Сөйтсе, Сүлейменова ісін бітірген соң марқұмның қанға бөккен киімдерін кір жуатын машинада жуып қойған екен. Ал аяқ киімін пакетке салып, тығып тастаған.  Ал қорқыныштысы сол, психологиялық сараптама Сүлейменованың аффекті күйінде болмағанын, яғни шіміркпестен өлтіргенін растаған. Сіңілісінің қиналып өлгенін естіген әпкесі көз жасын тоқтата алмады. Қабырғасын қайыстырған қазаның өтемі ретінде жәбірленуші жақ күдіктіден 100 миллион теңге сұрады.

“Моральдық шығынымызды өтеуді талап еттік 100 миллион теңге көлемінде. Ол біздің құқығымыз. Бірақ адамның өмірі әрине онымен теңелмейді. Дегенмен де салмақтың қандай екенін көрсін”, деді  марқұмның бұрынғы күйеуі Рахман Омаров.

Десе де, Сүлейменованың салмақты сезінетін түрі жоқ. Сотта өзін тым еркін ұстаған келіншек көк тиын да төлемейтінін беттеріне айтты. Ал судья істі созбалаңға салмай, санаулы күннен соң үкім шығармақ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз