Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып Алан Әжібаев тағайындалды

Әр жылдары «Караван» радиосын басқарды, «ТАҢ» телерадиокомпаниясында» және «Тенгри ФМ» радиосында бас продюсер болды. Кейінгі жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерін басқарғанын білесіздер.

Бүгінгі күні бұл сала бойынша алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр. Алан Ғазизұлының журналистік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігі осы міндеттерді табысты жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін„ деп жазды Facebook-тегі жеке парақшасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министр өз жазбасында оған еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

Алан Әжібаев 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Медиа нарықтағы еңбек өтілі 20 жылды, ал басшылық қызметтегі тәжірибесі 10 жылды құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз