Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Путиннің ұшағы әбден ескіріпті

Бұл ұшақты жөндеуден өткізу үшін тендер жарияланған екен. Russianplanes.net сайтының дерегі бойынша, бұл ұшақ алғаш рет әуеге 2012 жылы көтерілген, ал соңғы рет 2016 жылдың 9 желтоқсанында ұшқан.

Ил-96 ұшағының қанаты майысып, стабилизаторында ақаулықтар бар екен. Борттың жөндеуіне 80 миллион рублден аспайтын ақша төленбек.

Бұл ұшақты Владимир Путин көбінесе шетелге жасайтын сапарларында пайдаланады екен. Соңғы рет осы ұшақпен Берлин мен Қытайға барған көрінеді.

Бірақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин ұшағым жарамайды екен деп ешқайда ұшпай, Кремльде отыра бермейді. Оның резевтегі тағы бір ұшағы бар екен.

Айта кетсек, 2016 жылдың қараша айында Перудегі саммитке бара жатқан журналистер мен Ресей делегациясы мінген Ил-96 ұшағы жанармай құю үшін Лиссабонға қонып, сол жерде бұзылып қалған. Сол кезде де жолаушыларды басқа ұшаққа мінгізіп жіберуге мәжбүр болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз