Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Путиннің кеңесшісі бөсемін деп Кремльдің құпия жоспарын айтып қойды

Russian political scientist Sergey Karaganov poses for a portrait in his office at home, July 02 2016, Bakovka, Moscow region, RussiaPhotographer: Dmitri Beliakov/ for Der Spiegel

Сергей Караганов

 Путин “Батыс Ресейге шабуыл жасамақ” дейді. Осы арқылы ол ресейліктерді Еуропаға қарсы қойып отырғанын біле ме? Білсе, бұдан не ұтады?

– Бәлкім, сәл асырып айтқан шығар. Бірақ, бұған Американың өзі итермелеп отыр. “Ресейге санкция салу – Кремльдегі билікті ауыстыру мақсатында жасалғанын” АҚШ ашық айтып жүр. Бұл ашық агрессия. Біз не сонда, жауап бермеуіміз керек пе?

 Жақында сіз басқаратын президенттік кеңес Путиннің алдында баяндама жасады. Онымен біз де танысып шықтық. Осы баяндамада сіз “Ресейдің жалғыз ғана жолы  бар ол – бұрынғы күш-қуатын қайтару” дейсіз. Бұл қалай? 

Хмм… Иә, біз ұлы держава деген мәртебемізді кері қайтарғымыз келеді. Себебі, біз бұдан бас тарта алмаймыз. Біз 300 жыл империя болдық.

Демек, ұлы держава атануға деген ұмтылыс – біздің қанымызға сіңген.

 Батыс бүгінгі Ресейге сенбейді. Оның саясатынан қорқады. Сіздің қазіргі әңгімеңіз де біз үшін күдікті.

– Сіз мынаны түсініңіз – біз де сіздерге сенбейміз. Сіздерге деген сенім 0 пайыз. Үмітті ақтамадыңыздар. Біздің әрбір әрекетіміз тактикалық ескерту, мұны сіздер білесіздер ме?

Сіздер  біздің қаншалықты ақылды, айлалы және айбарлы екенімізді әлі де сезінген жоқсыздар.

Путинге жасаған баяндамада сіз “мемлекет мүддесіне нұқсан келген жағдайда қару қолдану – мақсатты әрі қажетті шара” дейсіз. Бұл арада Украинаны меңзедіңіз бе?  

– Иә, әрине. Мемлекеттің шекарасына жақын маңда қарсыластың әскери күштері шоғырланып жатса, біз қарап отырамыз ба?

Сіз Балтық елдеріндегі НАТО-ның әскери күштерін айтып отырсыз ғой? 

– Иә. НАТО-ның ол жақта несі бар? Егер шын, ашық қақтығыс болса, бұл әскермен не болатынын білесіз бе? Сосын сіздер осы арқылы Балтық елдеріне көмектестік деп ойлайсыздар ма? Егер НАТО біз сияқты ауқымды атомды арсеналы бар мемлекетке қарсы шықса, көр де тұрыңыз, сазайын тартады.

P.S. Путиннің кеңесшісі осылай дейді. Карагановтың сұхбатын мына сайтқа кіріп, толық танысуға болады: polka.dirty.ru

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз