“Коммерсант” мәліметі бойынша, бір жылдан кейін Беларусь Ресей Федерациясы құрамына белсенді интеграцияны бастайды, ал бұған 20 жыл бұрын қол жеткізілген келісімдер негіз болады. Минсктің негізгі талабы орындалды — Белоруссиядағы РФ елшісі ауысты. Ресей үшін бұл пайдалы: Владимир Путин кезекті президенттік мерзім аяқталғаннан кейін де билікте қала алады.
Нұсқаларының бірі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткен сценарийі аталды
Негізгі президенттік өкілеттікті Қауіпсіздік кеңесіне немесе Путин қазіргі таңда басқарып отырған басқа органға беру, содан кейін Кремльден кеткеннен кейін ықпалын әрі қарай жалғастыру.
Биліктің екінші нұсқасы: 2008-2012 жылдары Дмитрий Медведевпен болған сияқты уақытша президент.
Бірақ Bloomberg-тің басқа нұсқасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Агенттіктің Кремльге жақын үш сұхбаттасушысы атап өткендей, айтарлықтай радикалды сценарийлер қарастырылып жатыр, — мысалы, Беларусьтің Ресейге қосылуымен жаңа мемлекет құрылуы. Оны Путин басқаратын болады деп болжануда.
Елді 25 жыл басқарып келе жатқан Александр Лукашенко Ресеймен интеграцияны қолдайтынын бірнеше рет айтқан. Бірақ Ресейге қосылу түрінде емес, ек бөлек тең құқықты одақтық мемлекет құру түрінде.
“Коммерсанттың” ақпаратына қарағанда, дәл соңғы нұсқа жүзеге асатындай болып отыр. Басылым дереккөздерінің мәліметтері бойынша, өткен аптаның соңында Пекинде өткен кездесуде Александр Лукашенко Владимир Путинге Ресей мен Беларусь арасындағы ықпалдастықты бастауға уәде берді.
РФ президенті Лукашенкоға дайындыққа бір жыл берді. Беларусь президентінің шарты ресейлік елші Михаил Бабичті алып тастау болды
1999 жылдан бері елдер Одақтық мемлекет туралы шартпен бір-бірімен сөз байласқан. Алайда ол іс жүзінде орындалмай келеді.
2018 жылдан бастап Ресей Лукашенкодан екі елдің интеграциясын тереңдетуді талап ете бастады. 2018 соңында елдер арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Беларусь басшысы екі ел арасындағы одақтастық бойынша нақты қадамдар жасамайынша Мәскеу газға берілетін жеңілдіктерге келісуден бас тартты. Лукашенко Мәскеу ұсынысын “Ресейдің Беларусьті сіңіруі” деп атады.
Bloomberg хабарлағандай, Путиннің Лукашенкоға наразылығы артуда, Беларустың Мәскеудің ықпалынан шығуына байланысты алаңдаушылық білдіруде. Ресейдің ескі келісімдерді орындауды талап ете бастағанының негізгі себептерінің бірі осы.
Сәуір айының ортасында Дмитрий Медведев Мемлекеттік Думада Ресей Белоруссияға екі елдің одан әрі ықпалдастық құру жоспарын бергенін айтты. Онда нақты не жазылғанын айтқан жоқ, бірақ негізінде 1999 жылғы Одақтық мемлекет құру туралы шарт жатыр. Ол шарт мыналарды көздейді:
• салық салудың бірыңғай жүйесін және зейнетақы жүйесін құру;
• бағалы қағаздардың ортақ нарығын құру;
• экономикалық саладағы заңнаманы, монетарлық және сауда саясатын біріздендіру;
• бірыңғай валюта енгізу, баға саясатын біріздендіру және ортақ тарифтер;
• энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық жүйелерді біріктіру.
Ресейде күшті қаржылық құрал бар: Беларусь — түрлі преференциялар, субсидиялар және есептен шығару түрінде Ресейдің көмегіне мұқтаж
Соңғы 20 жылда бұл көмек 126 млрд долларды құрады (2019 жылдың 1 қаңтарына). Егер екі мыңыңшы жылдардың соңында және осы онжылдықтың басында көлемдер үлкен болса (жылына 10-12 млрд-қа дейін), қазір олар шамамен 6-7 млрд-қа түсті. Белоруссияның ортақ қарызы — шамамен 15 млрд долларды құрайды.
Бір қызығы, Лукашенконың шарты елшіні ауыстыру болған. Бұл қызметті бір жылдан аз атқарған Михаил Бабич осы уақыт ішінде Беларус элитасының біраз “жынына тиді”. Ол ел арасында жиі болып, жергілікті кәсіпорындарға барып, бизнестермен танысып, белоруссиялық оппозициямен кездесті. Мұндай белсенділік жергілікті билікке ұнаған жоқ.
Жалпы, Бабич ресейлік позицияны белсенді қорғады. Сұхбаттар мен көпшілік алдындағы сөздерінде екі мемлекетті одан әрі жақындастырудың қажеттілігін көп айтты. Сондай-ақ, екі елдің сауда және қаржылық қатынастары ашық болуын талап етті.
Автор: Алексей Никоноров