Референдум дауыс берушілердің толық қатыспауымен және батыстық баспасөздегі мысқылды ақпаратпен есте қалды.
10 наурызда Конституцияға енгізілген түзетулерді талқылау кезінде депутат Валентина Терешкова жаңартылған Конституция күшіне енгеннен кейін қазіргі Мемлекет басшысының президенттік мерзіміне қойылған шектеуді жоюды ұсынды. Ең дұрысы еліміздің басты заңынан шектеулерді мүлдем алып тастау керек деді.
Айта кету керек,
Конституцияға барлығы 200-ден астам түзетулер енгізілді, ресейліктер әрбір нақты өзгеріске емес, барлығының енгізілуіне дауыс берді
Бірақ үгіт-насихат компаниясы «президентке қатысты» түзету туралы көп айтпай, қалғандарына баса назар аударды. Билік елдің өркендеп, дамудың жаңа кезеңіне өтуі үшін өзгерістер енгізудің қаншалықты маңызды екенін атап айтты. Даулы мәселелер аз болмады. Ұсынылатын түзетулер қатарында:
Өзгерістердің басым көпшілігі елдің әлеуметтік саясатын жақсартуға қатысты болды.
Дауыс беру бір аптаға созылды. Процестің ұзаққа созылуының ресми себебі – учаскелердегі кезектерді болдырмау. Электрондық дауыс беру енгізілді, ал комиссия қатысу көрсеткіштері жоғары болуы үшін сайлаушылардың аулаларына келді.
Нәтижесінде, ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге ресейліктердің үштен екісі қатысты. Яғни, соңғы президенттік сайлауға келгендермен шамалас деңгейде. Қорытындысы біреуді таңғалдырды деп айту қиын
дауыс берушілердің 78% түзету енгізілсін деп дауыс берді
Алайда учаскелердің шыға берісінде партиялар және қоғамдық қозғалыстар ұйымдастырған сауалнаманың нәтижесі мүлдем басқа.
Биліктің нәтижеге қатысты реакциясы таңғалдырды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дауыс беру қорытындыларын «Путинге қолдау білдірген салтанатты референдум» деп атады. Ал қалған 200-ден артық түзетулер туралы ештеңе айтқан жоқ, олардың маңыздылығы айлар бойы айтылды. Дегенмен, Кремль үшін ең маңызды нәрсе не деген сұраққа, ешкімнің күмән келтірмейді.
Дауыс беру сырттай қарағанда 2018 жылғы президенттік сайлаудағы жағдайға ұқсас келеді. 10 өңірде келушілердің саны 50%-ға да жеткен жоқ (оның 5-еуінде екі жыл бұрында солай болған). Ең төменгі көрсеткіш – Сібір мен Қиыр Шығыста.
Бұған дейінгі сайлау кезінде дауыс беру көрсеткіші бойынша алдағы аймақтар осы жолы да көшбасшы болып тұр. 2018 жылғы президенттік сайлауда Путинді қолдаған көшбасшы ондықтың алтауы бұл жолы да үмітті ақтады. Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап, ең жоғары көрсеткіш көрсеткен аймақтар: Шешен (97,92%), Туве (96,79%), Қырым (90,07%), Дағыстан (89,19%) және Ямал-Ненецк автономды округі (89,16%).
Тек
Ненецк автономиялық округінде тұрғындардың 55,25% түзетулерге қарсы болды
Якутияда келіспейтіндердің саны 40%-дан, 16 өңірде – 30%-дан асты (негізінен Сібір, Қиыр Шығыс, сондай-ақ Мәскеу).
Шетелдік баспасөздің реакциясы әртүрлі. The New York Times биліктің келушілердің санын қалай арттырғанына назар аударды:
«Дауыс берушілерді учаскелерде ұтыс ойынын ойнатып, дүкендерге купондар беріп, сайқымазақ көріністерімен және басқа аттракциондармен тартты <…>
Путинге бірқатар түзетулерді мақұлдау үшін Путинге сайлаушылардың не үшін қажет болғаны түсініксіз, себебі оларды парламент пен ел бойынша барлық аймақтық заң шығарушы кеңестер мақұлдап қойған жоқ па».
Дауыс беру форматына қатысты неміс баспасөзінде мынандай сұрақтар көтерілді:
«Бұл дауыс беру ресей демократиясының тарихындағы шешуші сәт болуы мүмкін. Путин бірден екі жақсы нәтиже алады: Конституцияны өзгертіп, көп күндік дауыс беру, сайлау учаскелері және манипуляция қолданылған онлайн дауыс беру арқылы жаңа сайлау жүйесін сынақтан өткізеді.
Мүмкін, болашақта Ресейде қалаған нәтижеге жеткенше дауыс беруге болатындай сайлау жүйесі енгізілетін шығар. Мысалы, келесі жылғы думалық сайлауда», — деп жазады Die Welt.
Бірқатар БАҚ келесі мәселеге назар аударды:
дауыс беру Путиннің мұрагері туралы барлық әңгімелерді тоқтатуға көмектесті – бұл мәселе таяу жылдары өзекті болмайды
«Путин оның мұрагері бім болуы мүмкін деген пікірталасты біржола тоқтатты. Ел ішіндегі және шетелдегі оппоненттеріне мұрагерлік туралы алдын ала болжам жасап, құмалақ ашудың қажеті жоқ деген жолдау жасады. Егер қандай да бір таңқаларлық нәрсе болмаса, Батысқа Владимир Путинмен жұмыс істеуге тура келеді», —дейді канадалық The Globe and Mail.