Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Путинді әлемдегі ең бай адам деп атады

Браудердің мәлімдеуінше, “Путин АҚШ-тың Ресей компаниялары мен жеке тұлғаларына салған санкцияларын жойғысы келеді. Осы мақсатта ресейлік заңгер Конгресс мүшелерімен және АҚШ президенті Трамптың кіші ұлымен кездескен”.

Hermitage Capital өкілінің пікірінше, Путинге жұмыс істейтін 10 мың адам қамау, азаптау және кісі өлтіру арқылы мүлікті басқарумен айналысады. Олардың барлығына президент жаза қолданбауға кепіл берген. Ал “Магнитский акті” бұған кедергі жасауы мүмкін. Осындай құжаттардың негізінде, Путиннің қарамағындағы көптеген адамдардың есептері құлыпталған.

19 шілдеде “Настоящее время” телеарнасына (Азат Еуропа/Азаттық радиосының жобасы) сұхбат берген Браудердің айтуынша, Путин өзінің досы Сергей Ролдугиннің оффшорлық компаниясы арқылы 230 миллион доллар алғысы келген. Бұл қаражат бюджеттен ұрланғанын кезінде қор заңгері Сергей Магнитский мәлімдеген еді. Ол қамауға алынып, 2009 жылдың қарашасында Мәскеудегі тергеу абақтысында азаптап өлтірілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз