Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Путин: Түсейін бе, түспейін бе?

13 қарашада ғана Кремльде Путиннің Федералдық кеңеске жолдауын желтоқсаннан ақпанға ауыстыру жайын талқылап жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы президент әкімшілігіне жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Бұны Кремльге жақын тағы екі дереккөзі растаған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, я жоққа шығармады.

Басылым сарапшылары жолдау жасау мерзімін өзгерту Путиннің президенттік кампаниясымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

Ресей президент сайлауы 2018 жылы наурызда өтеді. Президент сайлауына түсетіні туралы бұған дейін оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, “Яблоко” партиясын құрған Григорий Явлинский, тележүргізуші, өзін “барлық кандидатқа қарсы кандидат” деп жариялаған Ксения Собчак мәлімдеген. Ресей Орталық сайлау комиссиясы Навальный бұрын сотталғандықтан сайлауға түсе алмайтынын ескерткен.

Владимир Путин кезекті рет президент сайлауына түсетінін әзірге жария еткен жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз