Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Путин сайланып алсын…”. Доллар 400 теңге болады екен

199

https://kaz.365info.kz/osy-zholy-bari-bitedi-sarapshy-resejge-salynatyn-sanktsiyanyn-symdykh-khypiyasyn-ashty-276042

Қазақстан бұған қалай төтеп бермек?

Біздің ұлттық экономика министріміз Тимур Сүлейменов доллар Ресейде 70 рубль болса да, оның Қазақстандағы бағамы 400 теңгеге жетпейді дейді. Ол осы тепе-теңдікке байланып қалмай, теңгенің басқа бағамын ұстауға болады деген болжам айтады.

Тимур Сүлейменов

Шенеуніктің айтуынша,

Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің алтын-валюталық қорын азайтып, экономиканың өсуін тоқтатуға мәжбүр болады.

https://kaz.365info.kz/astan-kesteni-shygady-sayasatker-putinnin-takhtan-tayuyna-khansha-kyn-khalganyn-ajtty-279584

— Біз тек аумақтық емес, жаһандық жүйенің бөлігі болып табыламыз. Біздің валютаны бағалау тек рубльге байланып қалған жоқ, бұдан бөлек, басқа бағалаулар да жетіп артылады. Сондықтан Ресейде рубль құласа, ол Қазақстанда теңге бағамы да құлдырайды дегенді білдірмейді.

Диверсификация пайда бере ме?

«Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов бұл пікірмен келіспейді.

— Егер рубльдің долларға шаққандағы бағамы құлайтын болса, онда ақша-несие саясатының қолданыстағы тәртібін сақтап қалатын болсақ,

теңге міндетті түрде құлдырайды, шамамен, дәл сол рубль сияқты.

Өйткені,

  • біріншіден,экономикалық субъектілердің күтілімі сондай болады,
  • екіншіден, сауда тепе-теңдігін сақтау қажет болады.

Немесе 20 процент аумағындағы төтенше импорт тарифін енгізу қажет болады, — деп, есептейді сарапшы.

Ораз Жандосов

Сондай-ақ Жандосов Қазақстанның Ресейге деген экономикалық тәуелділігі шектен шықпаса да, оның өте көлемді екеніне баса назар аударды.

— Егер біздің экономикалық дамуымызға және басқа өңірлермен, ең алдымен, Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынасымызға сай, біздің импорттық құрылымымыз әртараптандырылса, ол біз үшін жақсы болады, — дейді ол.

Ресеймен қалай бәсекелесеміз?

Жандосовтың айтуынша, сауда саласында Қазақстан Ресеймен бәсекеге түсуге қауқарсыз.

https://kaz.365info.kz/resejdi-a-yry-batys-sanktsiyalardy-ta-y-da-sozyp-tastady-233352

— Шынайы саяси факторлар бізде Ресеймен салыстырғанда, әлдеқайда төмен:

  • ішкі нарықтың өлшемі,
  • адами әлеует,
  • жағрафия (теңіздерге шығу).

Осы жағдаяттарды бір қалыпқа келтірудің жалғыз жолы —

қазір өзіміз ақша құйып, инфақұрылымдарды іске қосып жатқан мемлекеттік саясатты неғұрлым дұрыс жүргізу.

Егер Жалпы ішкі өнімдегі процентпен алсақ, біз оның қаншалықты мардымсыз екенін анық көретін боламыз. Мемлекет басты назар аударатын екінші дүние — жұмыс күшінің, адами капиталдың сапасы, — деген сенімде сарапшы.

Қырғыз бізден қалай озды

Руслан Погорелов атап өткендей, қазір Қазақстанмен салыстырғанда, Қырғызстан Ресей валютасының ауытқуына соншалықты тәуелді емес. Оның айтуынша, мұны цифрлар айқын дәлелдеп отыр: долларға шаққандағы сом бағамы 2014 жылы 55 болса, қазір 68-ге тең.

— Яғни,

сом девальвациясы 25 порценттен аз болған, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 80 процентке жетіп жығылады.

Ендеше, Қырғызстан рубльден қол үзуден неге қорықпады, бұл елдің экономикасы Ресейге ғана емес, бізге де тәуелді емес пе? — дейді ол.

https://kaz.365info.kz/k-rshi-elge-arashy-yr-yz-somy-tmd-y-e-my-ty-valyuta-219873

Қаржыгер Айдан Кәрібжановтың пікірінше, қазіргі Қырғызстан Қазақстанның мұнайы болмағанда қандай күйде болатынын көрсетіп отыр.

Айдан Кәрібжанов

— Мұнайдың болмауы экономиканың әлсіз жақтарын анық көрсететін болады, бірақ, сонымен қатар, оның күшті тұстарын да айқындайды.

Ал сомның айырбастау бағамына келетін болсақ, бәрі қарапайым: ол жақта Ұлттық банк ешқандай интервенциялар жасамайды,

бағам тек елдің экспортына негізделген.

Ал теңгеге келетін болсақ, ол рубльден қол үзді деп айту – тым ерте. Бұл екі валютаның арқа сүйейтін дүниесі – сол баяғы мұнай, — дейді ойын қорытындылаған қаржыгер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз