Кадры «работы ВКС РФ против ИГ», которые Путин показывал Оливеру Стоуну, взяты из американского видео 2013 года, снятого в Афганистане
Ресей президенті Владимир Путиннің режиссер Оливер Стоунға Сириядағы ресейлік авиация деп көрсеткен видеосы 2013 жылы Ауғанстанда түсірілген америкалық видео болып шықты.
Бұл туралы тәуелсіз Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы хабарлады.
В сериале “Путинмен сұхбат” среиалында Ресей президенті Стоунға мобильді құралмен видео көрсетіп, оны Сириядағы ресейлік ұшқыштардың жұмысы ретінде таныстырған. Шын мәнінде, ол видео Ауғанстандағы әскери ұрыс кезіндегі америкалық “Апач” тікұшағының әрекеті болып шықты. Ол видеоның үстіне кейін Донбастағы украиналық ұшқыштармен келіссөздердің таспасы салынған, деп жазды CIT.
Стоунның “Путинмен сұхбат” деп аталатын төрт сериалы деректі фильмі ресейлік президентпен әңгімеге негізделген. Режиссер 20 сағаттық сұхбат жазған. Жақында бұл фильмді америкалық Showtime кабельдік телеарнасы көрсетті. Ресейде фильмнің премьерасы Бірінші арнада 19 маусымда көрсетілді.
Оливер Стоун – танымал америкалық режиссер және сценарист, үш “Оскар” сыйлығының иегері. Ол Фидель Кастро, Уго Чавес, Эво Моралес туралы фильмдер түсірген.