Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Популизм ұлттық идеяға айналып үлгерді – Сұлтанов

Жақында Сенат депутаты Владимир Волков жұртшылыққа “заң жобаларын талқылауға тартамыз” деген болатын. Осыған байланысты арнайы заң әзірленді.

Алайда сенатордың сөзінен бұл іс жүзінде қалай көрінуі керек екендігі белгісіз болып қалды. Кез келген адам идеялар мен ұсыныстарын білдіре ме әлде оларды арнайы жасалған сайтқа жаза ма – белгісіз.

Бұл ретте тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов талқылауға “әрбір ниет білдірушіні” тарту — нашар идея деп санайды. Өйткені, шын мәнінде құнды идеялар біліксіздік пен популизмнің арасында көрінбей қалуы мүмкін. Мүмкін заңдарды әзірлеуге сарапшылар мен оларға қатысты саланың өкілдерін тарту керек шығар. Бірақ, біріншіден, шын мәнінде тәуелсіз өкілдер, екіншіден, сарапшылар қандай да бір түрде ынталандырылуы керек.

Идея жақсы, бірақ ұсақ-түйектерге мән беру керек

— Болат Қылышбайұлы, бұл идеяға қалай қарайсыз? Ол “еститін мемлекетті” құруға және жалпы азаматтық қоғамның қалыптасуына көмектесе ме? Алайда механизмдер туралы егжей-тегжейлі айтылмады. Жоспарланған мақсаттан алыстататын ескерілмеген мәселелер туындап қалмай ма?

— Бір жағынан, Қазақстан азаматтары заң жобаларын талқылауға және, мүмкін, дайындауға қатыса алуы – жақсы идея. Бірақ егер әрбір тілек білдірушінің әрбір заң жобасы бойынша өз пікірін білдіруі туралы сөз болса, онда оны популизмнен басқа деп атауға болмайды. Әркім өзі білмейтін саламен айналысуды бастайды. Ал негізі әркім өз ісімен айналысқаны дұрыс. Заңдарды да осы заңдарға әсер ететін салалардағы мамандар талқылауы керек.

Тіпті юриспруденцияның өзінде заң түрлері, әртүрлі салалар бойынша бөлімдер бар. Азаматтық құқық, қылмыстық, әкімшілік және т.б. Азаматтық құқық мәселелерін “қылмыскер” талқылай алмайды. Әркім өзінікін күйттеп кетеді.

– Есесіне интернетте барлық тақырыптан хабары бар “әмбебап мамандар” көп. Инфекциядан репрессияға дейін.

– Жалпы, бізде ашық популизммен айналысу сәнге айналды. Біреу қандай да бір идеяны айтса оны мүлдем түсінбейтіндер кенеттен талқылай бастайды.

Олар бұл сұрақты шешудің маманы емес, бірақ маңызды нәрселерді бағалауға кіріседі

Мен кез келген заң жобасын оның мәнін түсінетін және сындарлы өзгерістер мен толықтырулар енгізе алатын сарапшылармен талқылау қажет деп санаймын. Немесе керісінше, бас тарту. Бірақ мұны “бұл жаман, маған ұнамайды” деңгейінде емес, дәлелдермен келтіру.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарих мәселелерін тарих ғылымы мен оны зерттеу әдістемесін білмейтін, бірақ ең маңызды проблемалар бойынша күш-жігерін жұмсай алатын популисттерге емес, тарихшы ғалымдарға беру керек деп айтқаны өте дұрыс болды.

Сондықтан, егер идея барлық адамды талқылауға араластыруды білдірсе, бұл жаман идея.

Мен Александр Васильевич Суворовтың: “Отан үшін ең үлкен қауіп сырттан емес, өзінің ақымақтықтарынан келеді” деген сөзін есіме түсіремін.

Біреу көмектесуді емес, ұпай жинауды қалайды

— Ал “сөз бостандығы” ше? Жеке пікірге тыйым салуға бола ма?

– Әрине,

Қазақстанның кез келген азаматы белгілі бір мәселе бойынша ойын айтуға құқылы. Мысалы, әлеуметтік желілерде.

Негізі заң жобаларын талқылау үшін біздің қоғамда өз идеяларын ұсынатын мамандар жеткілікті.

Бұл ретте сарапшыларды қоғам белсенділерінің арасынан тарту керек. Егер әңгіме бизнес туралы болса, онда кәсіпкерлер, әскери қызметшілер туралы заң болса ардагерлер кеңесінің өкілдерін тарту қажет. Әрине, тарих ғалымдары, экономистер және басқаларын тарту міндетті.

— Оның ұйымдастырушылық жағы қалай? Жаңа қоғамдық кеңестер құрыла ма?

— Қандай да бір жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар құру қажет деп ойламаймын. Біз қазірдің өзінде қоғамдық кеңестер құрдық, олар әзірге еш нәтиже бермеді. Жауапты хатшылар институтын құрдық, одан да ештеңе алған жоқпыз. Жалпы, бізде әр оқиғаға қатысты жеке комитет құру деген пайда болған. Бұл қажет емес.

Нақты қажеттілік туындаған кезде, дәл сол кезде парламенттің тиісті комитетінде сарапшыларды талқылауға тарту керек. Тек меншікті және министрлік емес, шынымен тәуелсіз сарапшылар келсін.

— Бәлкім, бұл сарапшыларды қалай да ынталандыру керек шығар. Немесе қоғамдық негізде жұмыс істей бере ме?

— Бұл үшін арнайы қаржыландыру қажет, өйткені оған тек демагогтар тегін келеді, олар тек айқайлап, “хайп” ұстап қайтады. Немесе ештеңе істемейтін зейнеткерлер келеді. Бұл жағдайда қаржыландыру үшін арнайы қор құруға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз