Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Польшада жасанды түсікке тыйым салу туралы заңға қарсы наразылық акциясы өтуде

157

Тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да наразылық білдіруде. Наразылық білдірушілердің қолында «Менің денем — менің ісім», «Шешу құқығы», «Революция — бұл әйел» деген плакаттар бар. Қара және қызыл түсті киімдер наразылықтың символы болды. БАҚ-тың хабарлауынша, шамамен 100 мың адам Варшава көшелеріне шықты, наразылықтың соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, құқық қорғау органдарымен қақтығыс болды. Полиция таяқшалар мен көзден жас ағызатын газды қолданды.

Наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кеткенін қалайды. Өз кезегінде, ел Президенті Анджей Дуда Парламентке бала өлімінің алдын алу мүмкін емес болса, әйелге түсік жасауға мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынды. Үкімет бұл ұсыныс наразылық білдірушілерді тыныштандырады деп үміттенеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз