Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Полицияға бәрібір». Үш қыздың әкесі кішісін зорлап тынды

Айгүл Мәлікова, судья:

– Сот барысында азаматтық талап берілді. Әйелі қызым жанкүйзелісіне ұшырады деп, моральдық ақыға 2 млн теңге талап етілді, оның 1,5 млн теңгесі ішінара қанағаттандырылды.

Сұмдық оқиға өткен жылы қыркүйекте болған. Үйде төрт баласымен қалған педофил, үшеуін далаға қуып жіберіп, 8 жастағы қызын өзімен алып қалады. Сөйтіп оған ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген іні-әпкелері сырттан кіргенде, қыздың қансырап жатқанын көреді. Шошынған балалар анасына хабар беріп, артынша тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Белгілі болғаны, ерлі-зайыптылар ажырасқан екен. Бірақ бір шаңырақтың астында тұрып жатқан. Ұдайы мас боп жүретін азғын, 11 және 12 жастағы екі қызын да бірнеше мәрте зорламақ болыпты. Алайда ол кезде полицейлерге арыз жазылғанымен, дәлелін таппаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз