Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады

Көршілердің сөзіне сүйенсек, үй 1953 жылы салынған, 2014 жылы апаттық жағдайда деп танылыпты.

“Терезелер арасындағы қабырға құлап түскенде, мамандарды шақырып, акт жасаттық. Онда үйдің апаттық жағдайда екендігі, адамдарды көшіру керектігі айтылған, бірақ бұл мәселемен ешкім айналысқан жоқ.

Ол кезде әлі де тұруға болатын, бірақ жыл сайын ахуал нашарлап, қазір бұл үйде тұруға қорқамыз, өмірімізге қауіп төніп тұр, бірақ паналайтын басқа жеріміз жоқ.

Жаңбыр жауғанда, төбеден су ағып, үнемі көгеріп жатады, пәтерлерде жел үрлеп тұрады”, — дейді Наталья Емельянова.

Үйде екі подъезд, сегіз пәтер бар, олардың бесеуінде адамдар тұрған. Қабырғасы құлаған екінші подъезде кеше ғана зейнеткер тұрып жатқан еді, абырой болғанда, ол кісіні ертерек көшіріп үлгеріпті. Қалған тұрғындар бірінші подъездегі төрт пәтерде орналасқан. Бұл подъездің де қабырғасы құлағалы тұр.

Таңертең ТЖД қызметкерлері келіп, үйді қарап шықты, бірақ тұрғындарды көшірген жоқ. Халық әлі де үйдің маңында, билік өкілдерінің шешімін күтіп жүр.

“22 мамырда Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қабылдауында болдым. Мәселені шешеміз деді, бірақ бос баспана жоқ, кезек жылжымайды.

Первомайская көшесіндегі үйді бұзып, бізге баспана салып береміз деген, бірақ әзірге қаражат жоқ. Қашан болары белгісіз… Уәде бергеннен басқа

ештеңе тындырылмайды”, — дейді Наталья Емельянова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз