Отыз жастағы ер адам жедел жәрдем қызметі келгенше алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, Петропавлда 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері қылмыс жасауы мүмкін деген күдікпен көз жұмған ер адамның азаматтық некедегі әйелін қамауға алды», – деп хабарлайды ІІД.