Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Педофил деп жала жабатын алаяқтар шықты – Айгүл Орынбектің ер азаматтарға ескертуі

“Алаяқтардың жаңа айласынан сақ болыңыздар. Əсіресе, көлігі барлар. Егер кішкентай 7-8 жасар қыз бала немесе ұл бала жылап келіп, үйіне апарып тастауды өтінсе, бірден 102-ге хабарласыңыз. Өздеріңіз алып барып тастаймын деп құдай ұрып қалмасын. Қазір педофилдер көп болып кеткені соншама, енді оңбаған алаяқ еркектер балаларды пайдаланып ақша жасап жүр екен. Сіз үйіне апарып тастаймын деп көлікке отырғызғаннан бастап сізді басқа көліктер аңдып, жолда тоқтатып “баланы ұрлап бара жатқан педофилсің” деп айып тағады. Полицияға хабар бермес үшін қомақты қаржы сұрайды. Осылайша қылмыстық топтың құрығына түсіп қалуларыңыз мүмкін. Тіпті кейбірі полиция келмей ұрып мойындатып қоюлары мүмкін. Сол себептен сақ болыңыздар, құрметті ер азаматтар. Жақсылық жасаймын деп жүріп, қамалып кетпеңіздер!” деп жазыпты А.Орынбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз