Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарлық зейнеткер өзінің 15 жыл бойы жындыханаға күштеп жатқызылғанын дәлелдей алмады

 

Сарапшы Лариса Мациеваның айтуынша, ер азамат емделген екі медициналық мекеме қызметкерлерінің әрекеті заңды болған.

«Зейнеткерді емдеу барысында қолданылған препараттарды қолдануға рұқсат етілген. Салада кеңінен пайдаланып келеді. Ал инсулинокоматозды терапиясы өткен ғасырдың 80-шы жылдарына дейін қолданылған. Сырқаттың медициналық картасындағы ақпараттарға сүйенсек, оны ауруханаға жатқызуға негіз болған», – дейді Лариса Мациева.

Десе де, айыптаушы тарап сот шешімімен келіспейді. Алдағы уақытта аппеляциялық тәртіпте сот органдарына тағы шағымданбақ.

Еске сала кетсек, Павлодар тұрғыны Атырау және Павлодар психдиспансерлерінен моральдық зиян келтіргені үшін 3 млн. теңге талап еткен. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі 15 жыл бойы психотропты препараттармен күштеп емделгенін дәлелдемекші болған.

Елубай Армашевтың айтуынша, бұған жұбайы кінәлі. Ажырасқысы келмеген жұбайы оны психдиспансерге тоғытып тастаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз