Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодарда жазықсыз сотталып, ақталған жігітке моральдық өтемақы төленді

Жоғары сот органының сот алқасы істі қарау барысында жергілікті соттардың тұжырымдарының қате екендігін анықтаған. Азаматтық кодекстің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды заңсыз қолдану салдарынан келтiрiлген залал құқық қорғау және сот органдарының кiнәсiне қарамастан заңда белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

«Апелляциялық сатыдағы сот қана талапкерге қатысты қолданылған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жойған. М. үкім шыққан күннен бастап ақталғанға дейін сотталғанның мәртебесінде болды. Осы екі айдың ішінде оның құқықтары шектелді. Қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерінің салдарынан талапкердің моральдық зиян шеккендігі туралы уәждері негізді деп танылды», делінген хабарламада.

Жергілікті соттар оңалту қажеттігін көрсетпеген, сәйкесінше оның моральдық зиянды өндіріп алу құқығы жоқ деген негізсіз қорытынды жасаған.

Жоғарғы сот бұрын шыққан актілердің күшін жойып, М-ның талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен талапкердің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 100 мың теңге өндірілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз