Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Павлодарда Tooth пен Faster қабырғаға қазақтың ханы мен билерінің суретін салмақ

474

Олар енді екінші қабатта қазақтың атақты хандары мен билерінің суретін салуды көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгінде оқу орнының бірінші қабаты креативті алаңға айналды. Қазан айынан бастап осы жерде жастар «Алиса ғажайып әлемінде» ертегісінің кейіпкерлерін салып, жақын арада ғарыш тақырыбын аяқтады.

Университеттің ақпарат және ақпараттандыру департаментінің басшысы Руслан Биляловтың айтуынша, бұл жобаның идеясы студенттерге тиесілі. Ал оқу орнының ректоры оларға қолдау жасап, ойларын құптаған.

– Барлығы коворкинг орталығынан бастау алды. Көктемде университеттің төменгі қабатында орналасқан суық және оқуға ыңғайсыз болған сыныптар студенттердің жиналып жүрген ең сүйікті жерлеріне айналды. Осында барлық жағдай жасалып, ғаламторға қосылған компьютерлер қойып, мәжіліс залын аштық. Кейін студенттер қабырғасына қызықты суреттер мен түрлі инсталяция құра бастады. Осылайша, бұл жоба бірінші қабатқа дейін шығып кетті. Енді суреттермен қатар университеттің хронологиясын да қабырғаға жаза бастадық.

Бұл жерде «университеттің ашылған күні», «Елбасының қонаққа келуі» сияқты оқу орынның айтулы даталары үш тілде белгіленген. Сонымен қатар, алда болатын шараларға да орын қалдырдық. Жоспарда аударылып төбеге жабысып тұрған орындық пен үстелді қоямыз. Бұл әлі бастамасы ғана. Бізде әлі үстіңгі қабаттар бар. Ол жердің тақырыптары біраз салмақты болмақ, – деді Руслан Билялов.

Оның ішінде қазақтың атақты ханы мен билері де болады.

Жігіттердің айтуынша, ғарышта қолында домбыра ұстап тұрған ғарышкерді салу үшін екі сағаттай уақыт кеткен. Алайда, таң атқанша салған суреттер де болыпты.

Айта кету керек, барлық суреттердің арасында кіреберісте сол жағынан салынған атқа мінген салт атты адам ерекше көзге түседі. Бұл – Руслан Биляловтың өз қолымен салған туындысы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз