Павлодар қаласында үш бірдей тұрғын үй пайдалануға берілді. Нысандар «Өңірлерді дамыту – 2020» және «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бой көтерген. Осы күнде 400-ден астам отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі “Хабар” арнасына сілтеме жасап.
Бұл үйлердің құрылысына шамамен 4 млрд теңге жұмсалған. Баспаналарды салуға отандық құрылыс материалдары қолданылды. Жыл соңына дейін тағы екі баспана жұртшылық игілігіне беріледі. Қазір Ертіс өңірі тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшы облыстардың қатарында. Биыл аймақта баспана салу көрсеткіші бір жарым есеге артқан.
“Қуанышымызда шек жоқ. Құрылысшыларға мың алғыс! Осы пәтеріміздің кілтін қашан аламыз деп көп күттік. Мерекелер қарсаңында баспаналы болдық. Бұл ең қымбат сый біз үшін!”, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Клочкова.