Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

“Түнгі клуб. Қыздар. Қызғаныш”. Павлодарда студент жігіт пышақтан өлді

101

29 қазанда ол достарымен бірге көңіл сергіту үшін түнгі клубқа барады. Олармен бірге үш таныс бойжеткен де демалған. Таңғы сағат төртте қыздар үйлеріне қайтпақ болады. Сол кезде студенттің досы танысына хабарласып, қыздарды үйіне жеткізіп салуын сұрайды. Танысы бұл өтінішіне келіседі. Көлікке отырған кезде қыздардың біреуі ұялы телефонындағы Instagram парақшасына кіріп, тікелей эфир функциясын қосады.

Қыздың үйінде ішімдік ұрттап алып, демалып жатқан танысы да сол кезде тікелей эфирге шығып, не себепті таңға дейін ұйықтамай жүргенін айтып, наразылық білдіреді. Осы сәтте көлік жүргізушісі тікелей эфирге шыққан жігіт бойжеткенге кім болып келетінін, не себепті ол қызды қадағалап отырғанын сұрайды. Сөйтіп жүргізуші мен қыздар арасында келіспеушілік туындап, қыздар көліктен түсіп қалады.

Бұл көлікте омбылық студент те отырған. Жолда жүргізушіге тікелей эфирге шыққан жігіт хабарласып, оның нөмірін көліктен түсіп қалған таныс қыздан алғанын айтады және не себепті қыздарды үйге дейін жеткізіп салмағанын сұрайды. Ақыр соңында ол көзбе-көз сөйлесу үшін көлік жүргізіп отырған жігітті үй ауласына шақырады. Жүргізуші қасындағы жолаушыларға бұл ұсыныс туралы айтады. Олар хабарласқан жігіттің үйінің жанынан өтіп бара жатқандықтан, үй ауласына кіре салады.

Қыздың танысы кездесуге өзімен бірге жиналмалы пышақ алып шығады. Аулада дау-дамай қыза түсіп, жанжал шығарушының айтқан сөзіне студент жігіт күліп жібереді. Оның бұл әрекеті қыздың танысының ашуын келтіріп, негізі көлік жүргізушісімен сөйлесіп тұрғанын ұмытып, студентке мінез көрсетеді.

Ол студентті балағаттап, кенеттен қолындағы пышақпен мойын мен кеуде тұсын ұрады. Студент одан қорғанбақшы болады. Оған танысы көмектесіп, қолында пышағы бар жігітті аяғынан шалып құлатады. Жігіттердің көлікке қарай кетіп бара жатқанын көрген қыздың танысы студентті ұстап алып, пышақпен тағы бірнеше мәрте ұрады.

Таныстары зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенмен, ажал аузынан арашалап қала алмады. Медицина қызметкерлерінің тұжырымы бойынша, студенттің өліміне пышақтан жарақаттану нәтижесінде көп қан жоғалтуы себеп болған.

Айыпталушы павлодарлық дәмханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Бұған дейін істі болып көрмеген.

Бастапқыда ол бұзақылық пиғылда адам өлтірді деп айыпталды. Ол бап бойынша оған 15-20 жыл аралығынан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Бірақ сот айыпталушы ісін қайта қарап, «бұзақылық пиғылда» деген тармақты алып тастады. Осылайша сот айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіптілік деңгейі жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейді.

Бас бостандығынан айырылу жазасымен қатар, ол өлтірген студенттің жақындарына 1,5 миллион теңге моральдық шығын, 1 миллион 602 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 206 мың теңге көлемінде сот шығынын өтейді.

Дереккөз: Baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз