Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Павлодар тұрғыны: Төреғали Төреәлі баламның аузына түкіріп берші

122

Ертең Төреғали Төреәліге аузына түкірткіміз келеді. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан ырымы. Өзім жеті бала тәрбиелеген “Алтын алқа” иегерімін. Абайдың анасы Мақпал кенже қызым. Абай кішкентай болса да, домбыраның дыбысын естісе, селт етеді,  – дейді Қорлан Кукумбаева. Нәрестенің нағашы атасы Сапарғали Кукумбаев 1989 жылы Аманжол Әлтаев сынды айтыскермен бір сахна төрінде айтысқанын айтады. Қазіргі таңда мәдениет үйінде жұмыс істейді. – Жыл сайын өткізіліп тұратын фестиваль халыққа жергілікті деңгейде насихатталса, мұндай шараның берері мол.

Ұлттық дәстүрге көңіл бөліп, алыс және жақын шетелден қонақтарды шақырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Екі күнде өтетін шараға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Қазақстанның қай аймағы болса да киелі. Дегенмен Ертіс өңірі ақындық пен шешендіктің, батырлықтың, ғылымның мекені. Ұлы дала елі деп айтуға лайық. Қазақстанның рухани жаңғыруына үлес қосып отырған Павлодар өңірінің абыройы асқақтап, рухани ордаға айналсын, – дейді Балғынбек Имашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз