Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодар-Омбы тас жолында ірі жол апаты орын алып, 8 көлік соқтығысты

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, апатқа боранның салдарынан жолда тұрып қалған бензовоз себеп.

Кеше облыс аумағында ақ түтек боран соғып, қатты жел тұрған. Соның салдарынан үш жүк көлігі мен екі Газель және үш жеңіл көлік соқтығып қалған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Түрлі жарақат алған екі адам №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір жағдайлары жақсы,- дейді мамандар.

Нұрлан Қасымов, реаниматолог-дәрігер:

– Мен бұл жерде жедел медициналық көмек көрсететін қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтер едім. Оқиға орнына шұғыл жеткен білікті мамандардың арқасында зардап шеккендер аман қалды. Қазір олардың жағдайлары қалыпты деңгейде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз