Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
522
+6.56
EUR
544
+7.76
RUB
5.05
-0.13

Павлодар облысында жаңа туған баласын қоқысқа тастаған студент қыз болып шықты

267

Тәртіп сақшылары болса, иісшіл иттің көмегімен сәбидің 17 жастағы анасын тауыпты. Сөйтсе, ол мына жатақханадағы туыстарының үйін жағалаған студент қыз екен. Ай-күні жетіп, салмағы үш келіден асатын баланы пәтерде өзі босанған бойжеткеннің жанында сол сәтте біреудің болған-болмағанын, сәбидің өлі не тірі туғанын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы, оның жүктілігін бөтен адамдар байқап қалған.

“Естіп білгенде жағамды ұстадым. Іштен шыққан баланы қалай тастай салуға болады? Туыстарына келіп жүрген жас қызды көргеніміз рас. Қандай жағдай болмасын жедел жәрдем шақыруға болады емес пе? Бұл үлкен күнә ғой”, деді үй басқарушысы.

Қыздың өзі Ақсу қаласындағы колледждің студенті. Жүктілігіне қатысты еш жерде тіркелмепті. Ақхалаттылар болса, үйде босанған оның денсаулығы қазір қалыпты дейді.

“2001 жылы туған жас әйел баланы үйде босанған. Бұдан соң ауруханаға жеткізіліп, гинеколог дәрігердің қарауынан өтіп тексерілді. Жағдайы жаман емес. Десе де, психологтар бақылап жатыр”, деді Ақсу қалалық ауруханасы стационарының бас дәрігері.

Бойжеткеннің өзі Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Оқуға түскелі Ақсудағы аға-жеңгесінің үйінде тұрып келген. Бейресми мәліметтерге қарағанда, жас қыз биыл көмтемде кездесіп жүрген жігітін әскерге шығарып салыпты. Қазір бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз