Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы республикалық деңгейде ұйымдастырылатын болды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің бастаманы қолдайтынын жеткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірден шыққан 16 жас боксшының арасында өткен жарыстың жеңімпазы АҚШ-қа баруға жолдама алды. Егер бұл дода ел деңгейінде ұйымдастырылса, жеңімпаздың ұлттық құрама сапындағы саңлақ спортшылармен бірге жаттығуына мүмкіндік туады.

Cерік Сәпиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– «Patriot Qazaqstan» жобасына қатысқан жас боксшылардың ұсынысын әрине қолдаймын. Аталған реалити-шоуды республикалық деңгейде өткізудің бірнеше жолы бар. Астанаға барған соң әріптестерімізбен ақылдасып, бір шешімге келеміз деген ойдамын. Бұл менің жаныма өте жақын тақырып болғандықтан, жүлдегерлерге қандай жолдама беру керектігін де іштей ойластырып қойдым. Жарыс жеңімпазы бір жыл бойы ұлттық құрама сапында жаттығу жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз