Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Парламенттің үшінші сессиясында 100-ге жуық заң қабылданды

Бұл біздің жұмысымызға қорытынды жасап қана қоймай, ең біріншіден, алдағы мақсаттарды жоспарлайтын өте маңызды сәт.

Депутаттық корпустың бүкіл жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші сессияның ашылуында көрсеткен стратегиясындағы тапсырмалардың,

сонымен бірге Президентіміздің биылғы жолдауында Қазақстан-2050 стратегиясында көрсетілген барлық міндеттерді жүзеге асыруға арнады», – деді Нығматулин.

Ол алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңде өткенін айта кетті.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төраға болды. Біздің елімізде бүкіл әлемнің назарын аударған ЭКСПО-2017 ұйымдастырылды. Елордамызда Сирия жағдайы бойынша Астана процесі өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деңгейдегі келіссөз алаңына айналды.

Осы барлық шаралар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық биік беделінің сыртқы және ішкі саясаттағы ерең еңбегінің нақты көрсеткіші. Үшінші сессия кезінде елімізде тағы бір тарихи оқиға болды. Президентіміз осы Парламенттн өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялады.

Бұл халықтың жағдайын күшейтуге арналған теңдесі жоқ ерекше қадам. Депутаттарымыз осы бастамаларды заң жағынан қолдауға белсене араласты. Елбасымыздың басқа да тапсырмаларын жоғары деңгейде сапалы заңдармен қамтамасыз ету осы сессиядағы ең негізгі жауапты міндеті болды», – деді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы.

Оның айтуынша мұны жүзеге асыру үшін қос палатаның төрт бірлескен отырысы, Мәжілістің 38, Сенаттың 28 жалпы отырысы өтті. Онда 400-ге жуық маңызды мәселе қаралды. Үшінші сессия басталған кезде екі палатаның қарауында 129 заң жобасы болса, бүгін олардың 84-і қабылданды. Қазіргі уақытта 65 заң жобасына мемлекет басшысы қол қойып олар өз күшіне енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз