Министрлер Парламент алдына келіп шатып-бұтып кете барады. Шетелдік термині бар, түрлі статистикасы бар, ол есепті халық түгілі сол арада отырған депутаттардың басым бөлігі де түсінбейді.
Бұл туралы kaz.365info.kz медиа-порталына кәсіпкер, инженер-ғалым Азат Қонысбек мәлім етті.
– Құдай-ау, араларында қазақтың қара шалы құрлы, бір адам жоқ қой,
– дейді бұл ретте депутаттардан көңілі суыған кәсіпкер Азат Қонысбек.
Бір шетелдік терминдерді айтып жатқанда, депутаттың бірі атып тұрып, үстелді бір қойып:
„Не оттап тұрсың, айтарыңды түсінікті тілмен жеткіз, әйтпесе, бізді мазақ қылмай тайып тұр„
десе, әлгі адам ойланады ғой. Жоқ, көздерінше түк демейді.
Артынан „бір түсініксіз цифрларды айтып, сылап-сипап кетті, бұл олардың әдеті ғой„, – деп ұялмай сұқбат береді өздері.
https://kaz.365info.kz/bizge-ajtuga-bolmajdy-deputattar-komir-maselesin-kotermejdi-300261
Рас, Үкімет мүшелерінің баяндамасы мен есебі түсініксіз, сөздерінен сау адамның өзі адасады. Ал Парламенттің қауқарсыздығын депутаттардың өздері де мойындап жүр. Сондықтан мұндайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанынан құрылған секілді қадағалаушы қоғамдық кеңестердің барлық салада құрылуын мен толықтай қолдаймын, – дейді ол.
Ақша ұрлау фактісі тіркелген соң, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанынан қоғамдық кеңес құрылған еді ғой. Жақсы болды, негізі. Ол кәдімгідей салмағы бар қадағалаушы орган болып шықты. Өйткені бұл кеңес тіпті зейнетақы ақшасынан дәмелі министрліктің бетін қақты. Досым Сәтпаев бар кезде.
Сөйтсе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі 50 млрд теңге теміржол саласын сауықтыруға бағытталады деген ақпарат шыққан. Қоғамдық кеңес бірден шарт кетті, өз наразылықтарын барша халықтың алдында жариялап жіберді.
„Зейнетақы ақшасы табыс табатын салаларға жұмсалуы керек, ал Сіздер сауықтыруға дейсіздер, бұларыңыз заңсыз, түсінік беріңіздер„, – деп тулады қоғамдық кеңес.
Үкімет шынымен де сасып қалды. Себебі талап орынды.
Ақыры, не істеді дейсіздер ғой?
https://kaz.365info.kz/zhas-deputattyn-inisi-yjlenu-tojda-syjiktisine-ysynys-zhasady-video-288551
Министр Жеңіс Қасымбектің өзі осы қордың төрағасы Досым Сәтбаевтан кешірім сұрады.
Сөйтсе, ҚР Инвестиция және даму вице-министрдің баяндамасында жаңсақ мәліметтер кетіп қалыпты-мыс.
„50 млрд теңге жалпы осы салаға бөлінуі тиіс жоспардағы қаражат, соның бір бөлігі ғана зейнетақы жинағынан тұрады, онда да ол ұсыныс түрінде ғана„, – деп сайрады министрліктегілер. Әне, көрдіңіздер ме?.. Байқамасақ, қолынан қағып жібермесек, шынымен де зейнетақы ақшасына ойы кеткендер қолын сұғып, алатынын кертіп ала беретін секілді.
Бір қызығы, Мәжілісте мүлгіген біздің депутаттар өздерінің халық өкілі екенін тура осы кезде есіне алады ғой. Мүмкін, олар қандай да бір кеңестен министрдің кешірімін қызғанды ма екен?
Өйткені халықтың заңды өкілі депутаттар ғой. Бір топ депутат Үкіметтен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшалалардың қалай жұмсалып, қандай ақша құралдарына инвестицияланып жатқанын талап етіп, есеп беруді сұрады артынан.
https://kaz.365info.kz/dosym-artykh-ketti-nauryzbaeva-satpaevtyn-kenesten-ketuinin-sebebin-tysindirdi-260081
Бірақ Үкімет жауап беріп жатса да, депутаттардың бұл тірлігінен халыққа бір грамм пайда жоқ. Өйткені Үкімет есебі белгілі ғой.
Есіне түскен күні бір министр Парламент алдына келіп, шатып-бұтып кете барады.
Мәселен, бұл ретте қазақшадан жұрдай Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев сөз алар. Алайда оның айтқанын халық түгілі, сол арада отырған депутаттардың басым бөлігінің түсінбесі анық.
Міне, оларды депутаттар түсінікті тілде сөйлете алмаса, онда қоғамдық кеңестер бұл істі қолға алсын.
Өкініштісі сол, олар жабылып Досым Сәтбаевты кетіріп жіберді.
Бірақ сөйтті екен деп қарап отыруға болмайды. Ақыры депутаттардан бір грамм пайда жоқ. Халық арасынан өкілдерді осылай ұдайы жіберіп отыру керек оларға. Жеңсін, жеңілсін, әйтеуір қоғаммен санасатын алаң бар ғой.
Ал ондай қоғамдық кеңестерге Азат Қонысбек мырза қазақтілді бұқараны тартуды ұсынады. Оның айтуынша, қазақтілді бұқара дегеніміз еліміздің 70 пайыз халқы, оның ішінде, ауыл мүддесі дегенді білдіреді.
https://kaz.365info.kz/khaj-khazakhtyn-khalaulysy-seksualdy-deputat-eldi-shulatty-285502
– Еліміз бай, халқымыз кедей. Мәселен, ауыл халқы үнемі үнеммен өмір сүріп келеді.
Отынына,тойып жемейтін асына, светіне ақшасы жетсе, шүкір дейді. Бұл қалыпты жағдай сияқты. Бірақ бұл дұрыс емес қой. Қашан ауыл халқы көсіліп бір өмір сүреді?
Айналаңа қарасаң, бүгін де, ертең де ондай жақсы күн тумайтын сияқты. Өйткені баға өскеннің үстіне өсіп жатыр, инфляция күшейгеннің үстіне күшейе түсуде. Бұған бір тоқтам болу керек қой. Сондықтан қоғамдық кеңестердің құрылуы уақыттың талабы деп білемін, – дейді ол.
Тағы бір өзекті мәселе. Бізде доллар қымбаттаса, бағаны көтереді. Неге десек, министр шығып, „девальвация кінәлі„ дейді. Енді доллар арзандап жатыр. Тағы неге дейміз ғой. Министр шығып, Ресей жақты нұсқайды. Түк түсініксіз. Осыны түсіндіріп беретін немесе алдап тұрғандар болса, соларды әшкерелейтін халыққа бір сауатты адамдардан құралған қоғамдық кеңес керек болып тұр. Әйтеуір, бұл арада бір шикілік бар. Оны қойшы, бағаны өсірген екен, неге жалақыны өсірмейді?.. Халық жадында сан сауал. Ал депутаттар үнсіз. Дым болмағандай. Олардан, расында пайда болмай тұр.