Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Парламент көлікті мас күйде жүргізгендерге жазаны күшейтетін құжатты қабылдады

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді қарады. Бір редакциялық сипаттағы және сұранысы бар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бергені үшін баж алу мәселелерін көздейтін түзету енгізілді. Түзетулер заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді. Сенат енгізген өзгерістермен бас комитет келісуді ұсынады»,-деді депутат Қанат Мусин.

Талқылаудан кейін комитет ұсынысын палата депутаттары қолдады. Атап айтқанда, заң жобасы қосымша нормалармен толықтырылып, онда негізсіз шектеулер жойылды және жаңашылдықтар жолдағы тәртіпті күшейтуге ықпал етпек. Көлік полицейлердің талабы бойынша тоқтатылған жағдайда, олардың іс-қимылының тәртібі бекітіледі. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін қызметкер кідірмей оған жақын келуге, өзін таныстыруға, жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге, тоқтату себебін түсіндіруге, сондай-ақ пайдаланылған жағдайда ереже бұзушылықты тіркеген құралдардың мәліметтерін ұсынуға міндетті.  Бұдан өзге, заң жобасымен жүргізушінің полиция іс-қимылдарын фото және видеоға түсіру құқығы көзделеді. Сонымен қатар жолаушыларды түнгі уақытта тұрақты емес автотасымалдармен тасымалдауға және көлік құралдарындағы аэрографикалық суреттерге тыйым салулар алынып тасталды.

Масаң күйде көлікті жүргізгені үшін, сондай-ақ куәландырудан өтуден бас тартқан жүргізушілерді куәлігінен айырудың бірыңғай үш жылдық мерзімі белгіленуде. Мұнымен қоса, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау  көзделген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз