Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Париж Олимпиадасында берілген жүзден астам медаль қайта ауыстырылады

Медальдардың сапасына ең алғаш француз жүзгіштері Клеман Секки мен Йоанн Ндойе Бруар шағымданды. Олар Instagram парақшаларында медальдың суретін жариялап, сырты жарылып, бояуы түсіп, өңі кетіп қалғанын көрсетті. Клеман Секки бұл суреттің астына пікір қалдырып, өзінің медалі қолтырауынның терісіне ұқсап кеткенін жазды. Шындығында, әлі жарты жыл толмаған бұл медальдар археологиялық жәдігерлер секілді көрінді. Сонымен қатар, медальдің ортасындағы Эйфель мұнарасынан алынған ескі металлдан жасалған бөлігінің пішіні қатты өзгерген. «Медальға 19 ғасырдың темірін пайдаланудың қажеті бар ма еді?», – деп әлеуметтік желі қолданушылары пікір қалдырды.

Медальдарды дайындаған Париж монета сарайы бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартып, коммерциялық құпияны алға тартты. Алайда журналдағы мақаладан кейін монета сарайында үлкен дүрбелең туғызып, сапаға жауапты үш директор жұмыстан босатылды. Сарапшылардың пікірінше, негізгі кінә сапасыз лакта болуы мүмкін. Жоспар бойынша басқа лак қолданылуы керек болған. Алайда оның құрамындағы компоненттердің біріне тыйым салынғандықтан, өндіріс барысында басқасы қолданылған.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметов алтын иеленсе, гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев және боксшы Нұрбек Оралбай күміс алды. Ал қола жүлдеге дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай және аралас командалық жарыста Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қол жеткізді. Әзірге қазақстандық спортшылар медальдың сапасына шағымданған жоқ. Дегенмен, ХОК пен француз БАҚ-тары медальдарын қайтарған спортшылардың қай елден екенін жарияламады. ХОК бұл мәселені дабыра қылмай шешуді жоспарлап отырған сияқты, себебі бұл оқиға дау-дамайға толы Париж Олимпиадасының беделін одан әрі түсірмеуі үшін жасалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз